Қ.Тоқаев: «Үкімет өте баяу қимылдайды»

Мемлекет басшысы жолдауында көп мәселе үкіметтің нақты шешімдерге келгенде баяу қимылдайтында екенін айтты. Бұлай кете берсе, кадрлық шешімдер қабылдауға тура келетінін ескертті.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан қазіргі геосаяси жағдайда Азия-Еуропа арасындағы аса маңызды құрлық дәлізі болып отыр. Президент бұл мүмкіндікті толық пайдаланып, әлемдік маңызы бар көлік-тасымал торабына айналуы керек екенін айтты.

Еліміз осы салада ірі жобаларды жүзеге асыра бастады. Атап айтқанда, Ақтауда контейнер хабы құрылып жатыр. Транскаспий дәлізі дамып келеді,

деді мемлекет басшысы.

Осы жұмыстарға әлемдегі үздік логистика компаниялары тартылатыны айтылды.

«Қазақстан теміржолы» компаниясы толыққанды транзиттік-логистикалық корпорация болып қайта құрылады,

деп мәлімдеді президент.

Мемлекет басшысы автожол құрылысына, соның ішінде жергілікті жолдардың сапасына баса мән беру керек екенін айтты. Бұл салаға бюджеттен қыруар қаржы бөлінсе де, мәселе әлі шешімін таппай отырғаны хабарланды.

Мен 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың кемінде 95 пайызын жақсарту жөнінде тапсырма бердім. Үкімет бұл мәселені тікелей бақылауға алсын,

деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ол жол құрылысындағы заңсыздықтарды анықтау қажет екенін ескертті.

Мемлекет басшысының айтуынша, елімізде әлі күнге дейін битум тапшы.

Бұл – ірі көлемде мұнай өндіретін ел үшін тіпті ұят жағдай. Үкімет осы мәселені түбегейлі шешуге тиіс. Жалпы, ашығын айтуымыз керек, Үкіметтің жұмысында қайта-қайта олқылықтар болып жатыр. Біресе жанар-жағармай, біресе шекер жетіспейді,

деді президент.

Осының бәрі Үкіметтің нақты шешім қабылдауға келгенде өте баяу қимылдап, батыл қадам жасай алмауынан болып отырғаны айтылды.

Мұндай жағдайға азаматтардың да көңілі толмайды. Әрине, бұл – орынды. Сондықтан дәл осылай жалғаса берсе, тағы да нақты кадрлық шешімдер қабылдауға тура келеді, 

деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

1 день ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

1 день ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

1 день ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

1 день ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago