Categories: Саясат

Тоқаев Назарбаевты өз атындағы құрылымдардың басшысы мәртебесінен айырды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шілденің төртіне бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевты жоғары оқу орыны, мектеп пен өз атындағы қор басшысы ретіндегі мәртебесінен айыратын түзетулерге қол қойды, деп жазды Азаттық радиосы.

«Назарбаев университеті», «Назарбаев зияткерлік мектептері» және «Назарбаев қоры» туралы заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, автономды білім ұйымдарының қамқоршылар кеңесін құрудағы мемлекет басшысының өкілетін белгіледі.

Бұл өзгерістер бойынша жоғары қамқоршылар кеңесінің төрағасы Қазақстан президентінің өзі болады немесе оны Қазақстан президенті тағайындайды.

2011 жылы қабылданған заңда жоғары қамқоршылар кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев болады деп көрсетілген.

2022 жылы өткен референдум қорытындысы бойынша, Қазақстан конституциясына жазылған Назарбаевтың есімі алынып, оған берілген жеңілдіктер жойылған. Биыл қаңтарда конституциялық сот «Қазақстанның тұңғыш президенті — Елбасы туралы» заңның күшін жойған. Назарбаевқа Қазақстан парламенті 2010 жылы «елбасы» мәртебесін берген. Өткен айдың соңында парламент сенаты Назарбаевты өз атындағы құрылымдардың басшысы мәртебесінен айыратын түзетулерді мақұлдаған

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago