Президент Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Бас директоры Рафаэль Гроссиді қабылдады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Бас директоры Рафаэль Гроссиге ілтипат білдіре отырып, оның сапары Қазақстан мен Агенттік арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін маңызды екенін атап өтті.
Сіздің сапарыңыз өзара қарым-қатынасымызды дамыту тұрғысынан дер кезінде жасалып отырғанына сенімдімін. Қазақстан үшін Агенттікпен жұмыс істеудің мәні зор. Аса маңызды құрылымның басшысы ретіндегі cіздің қызметіңізді қолдаймыз және жоғары бағалаймыз,
деді Президент.
Кездесу барысында техникалық саладағы ынтымақтастықты нығайтуға және елімізде АЭС салуға қатысты ауқымды мәселелер талқыланды.
Президент атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану және ядролық қауіпсіздік режимін нығайту мәселелерінде Агенттіктің маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Өз кезегінде Рафаэль Гросси құрмет көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, ядролық қарудан бас тарту және оны таратпау үдерісі көшбасшыларының бірі әрі жауапты жақтаушысы ретінде Қазақстанның рөлін жоғары бағалады.
Біз түрлі салада көп істі бірге атқарып келеміз. Денсаулық сақтау саласынан бастап ядролық энергетиканы дамытуға қатысты болашақ бағдарламаңызға дейін көптеген мәселе бойынша Сізбен пікір алмасатыныма өте қуаныштымын,
деді Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Бас директоры.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…