Тоқаев пен Шарль Мишель кездесуде не талқылады?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық кеңес төрағасы Шарль Мишельмен келіссөз жүргізді.

Шарль Мишельді қарсы алған мемлекет басшысы Еуропалық Одақпен стратегиялық әріптестікті дамыту әрқашан Қазақстанның сыртқы саясатындағы басты басымдықтардың бірі болғанын атап өтті.

Сіздің сапарыңыз Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы әріптестік ауқымындағы елеулі жетістіктерді атап өтуге тамаша мүмкіндік береді. Келер жылы біз айтулы дата – дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толуын атап өтеміз. Сіздің Қазақстанға ресми сапарыңызды біздің қарым-қатынастарымызды жаңа деңгейге көтеруге өзара мүдделіліктің тағы бір дәлелі деп санаймыз,

деді президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Еуропалық Одақпен кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған Орталық Азиядағы бірінші және жалғыз мемлекет екенін айтты.

Мемлекет басшысы жоғары деңгейдегі тұрақты байланыстар Қазақстан мен ЕО арасындағы жан-жақты диалогты дамыту мүмкіндіктерін нығайтады деп санайды.

Фото: Президенттің баспасөз қызметі

Еуропалық кеңес төрағасы Шарль Мишель Тоқаевқа қонақжайлылығы үшін алғысын білдіріп, Қазақстан мен ЕО арасындағы ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын айтты.

Біз алғаш Брюссельде кездестік, содан бері тығыз байланыста болып, түрлі салада жұмыс істеп келеміз. Өңірлік деңгейде бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтемін. Ынтымақтастығымыздың өзекті мәселелерін, соның ішінде климаттың өзгеруіне қатысты мәселелерді талқылау мақсатында Сізбен кездескеніме қуаныштымын.

деді Шарль Мишель

Кездесу барысында тараптар энергетика және азық-түлік қауіпсіздігі, «жасыл» экономиканы дамыту, көлік және логистика мәселелерін жан-жақты талқылады. Мемлекет басшылары Орталық Азия – Еуропалық Одақ форматындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша пікір алмасты.

Фото: Президенттің баспасөз қызметі
Фото: Президенттің баспасөз қызметі
Наргиза Аршидин

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

4 дня ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

3 недели ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 месяц ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

5 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

9 месяцев ago