Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлттық қордан балаларға арналған қаражатты есептеу, төлеу және пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды.
Заң президенттің 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің 50 пайызын балалардың мерзімінен бұрын алу құқығынсыз 18 жасқа толғанға дейін арнайы жинақ шоттарына аударуды көздейтін «Балаларға арналған ұлттық қор» жобасын іске қосу туралы тапсырмасын орындау мақсатында әзірленген. 18 жылдан кейін ақша есепшотта 10 жыл сақталады. Егер азамат осы мерзімде оларды пайдаланбаса, қаражат оның зейнетақы шотына аударылады. Жиналған ақшаны оқу мен баспанаға жұмсауға болады.
2024 жылдың 1 қаңтарына дейін туған балалар үшін жылдық есептеулер саны кәмелетке толғанға дейін қалған жылдар санына тең болады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мақсатты активтер мен талаптарды есепке алу, жинақ шоттарын есепке алу және қаражатты игеру жүктелді.
Қаржы министрлігінің алдын ала есептеулері бойынша, 18 жылдан кейін бала 3500 доллар жинайды. Бір жылдағы есептеулердің орташа сомасы 150-160 долларды құрайды.
Сонымен қатар заңда Нұрсұлтан Назарбаев басқарған «Самұрық-Қазына» қорын басқару жөніндегі кеңесті тарату қарастырылған.
«Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» 2012 жылғы 1 ақпандағы заңда 6-1-бап («Қорды басқару жөніндегі кеңес») алынып тасталды», — делінген құжатта.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…