Categories: Қоғам

Тоқаев Түркияға қосымша гуманитарлық көмек жіберу жөнінде тапсырма берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасына қосымша гуманитарлық көмек жіберу жөнінде Үкіметке тапсырма берді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жер сілкінісі болған аудандардағы зардап шеккендерге көмек көрсету үшін шатырлар, жылытқыштар, жылы киімдер және басқа да ең қажетті заттар жіберіледі,

делінген хабарламада.

Еске салайық, Түркияда ірі жер сілкінісі 6 ақпанда басталды. Магнитудасы 7,8-ге дейінгі дүмпулер Түркия мен Сирияда ғимараттардың жаппай қирауына әкеп соқты. Эпидорталық аймағында ені 200 метрге жететін жарық пайда болды.

Ресми мәліметтерге сәйкес, тек Түркияда жүз мыңнан астам ғимарат ішінара немесе толығымен қираған. Мыңдаған адам әлі де үйінді астында болуы мүмкін.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago