Categories: Саясат

Тоқаев Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті

16 ақпанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Украина президенті Владимир Зеленский телефон арқылы сөйлесіп, екі ел арасындағы «гуманитарлық байланыстарды» талқылады. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Тоқаев Зеленскиймен сөйлескенде Ресей мен Украина арасындағы соғысты «БҰҰ жарғысымен және дипломатиялық жолмен шешуге қатысты Қазақстанның ұстанымын» қайталаған. Ақорда телефонмен сөйлесу украиналық тараптың бастамасы екенін хабарлады.

Украина президентінің кеңсесі бұл әңгіме туралы әзірше ешқандай хабарлама таратпады.

Бұл – Зеленский мен Тоқаевтың соғыс басталғалы үшінші рет телефон арқылы сөйлесуі. Үшеуінде де телефонмен сөйлесу Зеленскийдің бастамасымен болғаны хабарланған.

Осыған дейінгі байланыс кезінде Тоқаев соғысты дипломатиялық жолмен шешуге шақырған еді.

Қазақстан Ресейдің Украинаға басып кіргенін ашық айыптамады да, қолдамады да. Бірақ билік Ресейдің басқыншылығын айыптайтын бейбіт митингіге бір рет рұқсат берді. Бұған қоса, Қазақстан азаматтары Украинаға бірнеше рет гуманитарлық көмек жіберді. Ал Тоқаев Санкт-Петербургтегі экономикалық форумда Ресей президенті Путиннің көзінше Қазақстан Украинаның шығысындағы «ДХР» және «ЛХР» жікшіл аймақтарының «тәуелсіздігін мойындамайтынын» ашық айтты.

Былтыр қарашада Зеленский Тоқаевпен телефон арқылы сөйлескен кезде «ДХР» мен «ЛХР» сепаратистік аймақтарын мойындамағаны үшін оған алғыс айтқан.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago