Тоқаев және Мирзияев: Астана мен Ташкент инвесторға таласа бастады

Мирзияевтің баяндамасын шолып шыққан Dalainside осындай ұйғарымға келді.

Жаңа Қазақстандағы жедел реформалар өзбек билігінің ұйқысын қашырғанға ұқсайды.

Ташкент шетел капиталын көршінің қанжығасына байлап бергенді мүлде қаламайды.

Шетелдің бизнес өкілдерін шәйға шақырған Мирзияев әлгілерді өзбек нарығына қаржы құюға үгіттеп, уәдені-үйіп төкті.

Жаңа Өзбекстанда инвестордың құқы алабөтен, айрықша қорғаларына  кепілдік берді.

Өзбек басшысы Батыстан келетін қомақты капиталдан қағылмау үшін Тоқаевтың реформасымен пара-пара өзгерістер жасауға тәуекел етіп отыр.

Жаңа Өзбекстан дейтін концепцияның мақтауын асырған Мирзияев инвестор дейтін кірпияз қауымға келесідей жеңілдіктер ұсынды:

  • Ташкент алдағы жылдан бастап инвесторларға білім мен денсаулық саласының есігін айқара ашады.
  • Инвесторлар кеңесінің іргесінен оларды жәбірлеуге жол бермейтін Арнайы комитет құрылады.
  • Өзбектің қор нарығына қан жүгірту үшін шетелдік банктерге шақырту жіберіледі. Қаржы институттары толығымен түрленіп, бұл бағыттағы реформа тереңдей түседі.
  • Экономикадағы биліктің белсенділігі күрт бәсеңдейді. Жекешелендіру науқаны қызу жүргізіледі.

Мен билікке келгелі 1200 кәсіпорынды жекенің қолына тапсырдық,

деді Мирзияев.

Өзбектің жер қойнауындағы «игілікті» игеру инвесторларға сеніп тапсырылады.

Ақшаның астында қаласыздар. Өзбекстан алтын қоры бойынша әлемде 2-ші орында, мыс пен күміс қоры да жетіп артылады, 7-ші орындамыз. Әттең, бұларды игеретін технологиядан тапшылық көріп отырмыз…

дейді өзбек басшысы.

Ташкент 10 түрлі қазба байлықты өндіруді инвесторларға жүктегелі отыр. Осы мақсатта айтарлықтай салық жеңілдігі жасалған.

Мирзияевтің тұсында электромобиль өндірісі дәуірлейді. Өзбек басшысы осы тұста Илон Маскке тіл қатып, елдің көлік жасаудағы тәжірибесін мысал етті.

Туристер топырлап келетін аймақтарда IT парктер ашылады. Осында отырып, еңбек ететін «айтишниктер» салықтан босатылады.

Бізге ақша әкеле жатқан инвесторды аяғын жерге тигізбей әуежайдан күтіп аламыз. Сол арада жұмысқа қажетті барлық құжатты қолына ұстатамыз. Бұл істі Инвестиция министрі жүгіріп жүріп жүргізеді. Бүтін бір министрді сіздерге бекітіп қойдым,

деді Өзбекстан басшысы.

Мирзяев өзінің тұсында ел экономикасына құйылған инвестиция көлемі 40 млрд -дан асып жығылғанын айтып мақтанды. Бұл Кәрімов дәуіріндегі кезеңнен 10 есе көп.

Алдағы 4-5 жылда инвестиция көлемін 120 млрд-қа жеткізуді межелеп отырмыз,

деді ол.

Өзбек лидері инвесторлардың Қазақстанға ауып кеткенін қаламайды. Ресейден қашқан шетелдік компанияларды құшақ жая қарсы алуға әзір.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

7 часов ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

7 часов ago

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен…

7 часов ago

Халықты оңтүстіктен солтүстікке қоныстандыруға бөлінген ақша ұрланды

Павлодар облысының прокуратурасы «Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасын іске асыру аясында (азаматтарды оңтүстік аймақтардан…

1 день ago

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

Президентке Мәдениет және ақпарат министрлігінің атқарған жұмыстарының нәтижесі, сондай-ақ ведомствоның алдағы қызметі барысында қолданылатын перспективті…

2 дня ago

Қазақстанның Украинадағы елшілігі Нұрбай атаны құттықтады

Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери атташе кеңсесі офицерлерінің қатысуымен Ұлы Отан…

5 дней ago