Categories: Саясат

Тоқаевтың дебатқа қатыспауына екі үлкен себеп бар

Қазақстан парламенті мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов 11 қарашада президентікке кандидаттар арасында өтетін дебатқа қазіргі президент әрі үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың неге қатыспайтынын түсіндірді.

– Біріншіден, қазір президент өз өкілетін жалғастырып жатыр. Жұмыс кестесі өте тығыз. Президент болу мемлекеттің бүкіл тағдырына, ішкі және сыртқы саясатына жауап беру. Екіншіден, дебатқа штаб атынан басқа өкілдің қатысуы ешбір сайлау заңына қайшы емес,

деді Азаттық тілшісінің сұрағына жауап берген мәжіліс спикері.

Қазақстанда президенттікке кандидаттар арасында саяси дебат 11 қарашада өтпекші. Ол сол күні «Хабар» арнасынан көрсетіледі.

80 минуттық бір дебат үшін «Хабар» агенттігіне мемлекеттен 63 миллион теңге бөлінеді.

ОСК өкілдерінің айтуынша, дебатқа Қазақстан президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтан өзге үміткерлердің бәрі: Қарақат Әбден, Нұрлан Әуесбаев, Жигули Дайрабаев, Мейрам Қажыкен, Салтанат Тұрсынбековалар қатысады. Олармен дебатта Тоқаевтың орнына мәжіліс спикері Ерлан Қошанов сөз жарыстырады.

"Хабар" агенттігінің өкілі Дәулетхан Жиенқұловтың сөзінше, дебатқа қатысушыларға тікелей эфирде сұрақ қойылмайды.

Президентікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы кезектен тыс өткен сайлау кезінде де тікелей эфир дебатына қатыспаған. Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев та өзі билікте отырғанда елде өткен дебаттарға ешқашан қатысқан емес.

Қазақстан азаматтары биыл 20 қарашада ел президентін сайламақ. Бұған дейінгі сайлаулар сияқты бұл да кезектен тыс өткелі отыр.

Айдын Қайнарұлы

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago