Тоқал алу — Қазақстанда әрдайым қызу талқыланатын тақырыптардың бірі болып келген. Көп әйелді заңдастыру қиын болғанымен, ресми көңілдестер немесе «тоқал» институты белең алғалы қашан — қоғам жалпы бұл идеяға екіұшты қарайды.
Әлбетте, бұл идеяны бәрі жаппай қолдайды деу қиын. Соған қарамастан, тоқалдықты көптеген отбасылар өмірлік тәжірибесіне енгізіп үлгерген. Дегенмен, бұл институтқа түбегейлі қарсы адамдар да бар, әсіресе психологтар. Олардың тәжірибесі көрсеткендей, тоқал алғандар өмірінің соңында қан жылап қалады.
Танымал психолог Жібек Жолдасова былай деп жазады:
«Тоқал-тоқал» деп бұл еркектер әбден есінен адасқан. Егде жастағы ер адамдардың өмір салтына қарап, қандай салдарға әкелгенін толық бағамдай аламын.
Әрине, жоғары лауазымды, қалтасы қампиған, тамыр-танысы көп, зауыттар мен пароходтардың иесіне жас қыздар өздері келіп жабысып жүрсе, керемет шығар. Мұндайда топырлаған баласымен шаршатқан әйелі артық бас ауру сияқты көрінеді.
Мұндай сәттерде бала мен отбасы үшін жауапкершілік жоғалады. «Қош бол, сәулем, көргенше» деп зып боласың. Оны не балалары, не отбасының материалдық жағдайы, ол кеткеннен кейінгі қажеттілік те ұстамайды».
«Әдетте мұндай мачолардың әйелі ешқашан жұмыс істемеген (өзі тыйым салып, балаларымен үйде отырғызып қойған), ал ол кеткеннен кейін туындаған күйзеліс тіпті қорқынышты. Неліктен бірінші әйелдер сенгіш болып келеді? Олар күйеуінің қалағанын үнсіз жасайды, бірақ ол бәрібір кетіп қалады.
Әрине, балалары үшін анасы айла тауып, оларды асырайды — қолдаусыз, қорғаусыз, бұрынғы байын күнде ауызша сыбап қойып. Балалар да жақсы адам болып ер жетеді, аяққа тұрады, білім алады, баспана мен көлікке ақша табады».
«15-20-30 жылдан кейін әкесі келіп тұрады — ауру, ақсақ, ешкімге керексіз. Тоқал барлық мүлкін тартып алған, үйсіз-күйсіз қалдырған. Енді оған ауру шал не үшін қажет? Тоқал болса әлі жас, бай. Енді шалды үлкен балалары асырасын дейді.
Міне, осыдан кейін қазақтың «ұят боладысы» жұмыс істей бастайды. Мұндай мачоның тікелей туыстары оның ересек балаларын тауып, «сенің әкең ғой, оған қарауың керек» деген сөздермен қаңғыбасты соларға тапсырады. 20-30 жыл ішінде бұл адам балаларына тым құрығанда бір бөлке нан әкелмегенін ешкім есіне де алмайды.
Сондықтан тоқал — бұл таяқтың екі ұшы сияқты. 90% жағдайда сізді шығарып жібереді, оннан біреуі ғана қартайған, ауру шалды сүйетін шығар. Мұндай мачоны қорғап, тастанды балаларын ар-ұжданға шақыратындардың өздерінде ұят жоқ. Мұндай әкені туған-туысымен қуып шығатын балалар өте дұрыс жасайды».
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…