Тоғыз облыста полиция департаменті басшысы орынбасарлары тағайындалды

Абай, Атырау, Жамбыл, Жетісу, Қостанай, Түркістан, Ұлытау облыстарының және Алматы қаласының Полиция департаменттерінде және Орал қаласының Полиция басқармасында бастықтардың жаңа орынбасарлары мен бөлімше бастығы тағайындалды.

Орынбасарларды Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов тағайындады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Марат Ахметжанов Ішкі істер органдарын дамытудың жаңа стратегиясы аясында бірінші кезекте кадр саласына басымдық берілетінін айтты.

Оның айтуынша, қызмет өткеру кезінде кәсіби әлеуетті тиімді пайдалану, кәсіби даму үшін басшы лауазымдарға тағайындау кезінде “орталық-өңір” және “өңір-өңір” қағидаты бойынша қызметкерлерді ротациялауды қолдану туралы шешім қабылданды.

Қызметкерлерді ауыстыру құқық қорғау органдары жұмысының тиімділігіне оң әсер етіп, проблемаларды шешуді басқа қырынан қайта қарауға ықпал жасайды. Қызметкерлермен жұмыс істеудің бұл әдісі өнімділікті арттыруға көмектеседі. Жаңа кәсіби міндеттер тәжірибені жақсартуға және жасырын әлеуетті ашуға септігін тигізеді,

деді ІІМ басшысы.

Бұдан басқа, гендерлік теңдік, әйелдердің қызметтік өкілеттігін кеңейту үшін ішкі істер органдарындағы басшы лауазымдарға тәжірибелі кәсіпқой әйелдер тағайындалатыны айтылды.

Министрдің бұйрығымен мына азаматтар тағайындалды:

– Абай облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Берік Амангелді (Атырау облысы ПД-да қызмет атқарған);

– Абай облысы ПД бастығының орынбасары Нариман Күлдіков (Шығыс Қазақстан облысы ПД-дан келген);

– Абай облысы ПД бастығының орынбасары Елдос Закимов (Шығыс Қазақстан облысы ПД-дан келген);

– Алматы қаласы ПД бастығының орынбасары Дидар Аханов (бұған дейін осы бөліністің аудандық Полиция басқармасы бастығының міндетін атқарған)

– Атырау облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Әбдіғани Сейдуалиев (Түркістан облысы ПД-дан келген);

– Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары Нұрғали Қасенов (ІІМ-нің орталық аппаратынан);

– Жетісу облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Жасұлан Байкенов (ІІМ-нің орталық аппаратынан);

– Батыс Қазақстан облысы ПД Орал қаласы Полиция басқармасының бастығы Сағындық Аяғанов (Алматы қаласы ПД-да қызмет арқарған);

– Қостанай облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Алексей Милюк (ІІМ-нің орталық аппаратынан);

– Түркістан облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Бағланбек Айтпаев (ІІМ-нің орталық аппаратынан);

– Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Меруерт Әбдіқадырқызы;

– Ұлытау облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Мұрат Алтаев (Шымкент қаласы ПД-да қызмет еткен).

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago