Спорт

«Тобыл» клубын сатып алған кәсіпкер алаяқ деген шу шықты

Англияның атақты «Манчестер Юнайтед» клубында доп тепкен Андрей Канчельскис биыл жазда Қостанайдың «Тобыл» клубына директор болған. Енді бүгін ол қызметінен кетті деген ақпарат тарады.

Канчельскис өз еркімен отставкаға кетпеген. Оны сыртынан шығарып тастаса ол заңсыз, деп хабарлайды Астана телеарнасы Bassport.kz. сайтына сілтеме жасап.

Клуб футболшыға ешқандай алдын-ала ескерту жасамаған. Еңбек демалысында жүрген ол тіпті қағаздарды қолына алмаған, көрмеген.

Футбол клубтарына алаяқтар керек жоқ. Оларға бірінші кезекте лас тірліктерімен айналысу қажет. Бізде түсініспеушілік болды. Мен үндемей қала алмайтын адаммын. Болған жағдайды айтамын. Мұнда өте көп жағдайларға куә болдым. Мұндай адамдар «Тобыл» үшін және жалпы Қазақстан футболы үшін ұят,

дейді Андрей Канчельскис «Спорт Экспресс» басылымына берген сұхбатында.

Бұл ретте клубты сатып алған Әлімжан Қалдияровтің лас тірліктері көп деген шу шығып жатыр.

Мен зауытқа қалай металды балқыту керегін айтпаймын ғой. Ол шаруадан хабарым жоқ. Өзімнің сүйікті ісім футболмен айналысып жүрмін.

Клубқа дилетанттар келіп, қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екенін айтып, мазаны алғанда кикілжің болатыны сөзсіз. Ондай адамдармен қалай тіл табысасың?

Әлімжан Қалдияровқа алаяқтық туралы іс қозғалған. Ол клубқа келіп, алаяқтықпен айналысты. Бұлай болмайды. Мені осыған итермеледі. Бірақ ондайға бармаймын. Бұл қылмыстық іс. Әлімжанды сотқа беремін. Менің атымды былғауына жол бере алмаймын. Футболды таза ойнайды, сондықтан әділдік қажет,

дейді экс-директор.

Ресей ұлттық құрамасының сабында және Англияның «Манчестер Юнайтед» клубында өнер көрсеткен Андрей Канчельскис «Тобол» клубын осы жылдың жазында басқаруға келген.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago