Categories: Спорт

Токио Олимпидасының жүлдегері Игорь Сон 8 жылға спорттан шеттетілді

Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, ауыр атлет Игорь Сон 2030 жылға дейін спорттан шеттетілді. Бұл туралы Допингке қарсы ұлттық орталық мәлімдеді. 

Ұлттық орталық деректеріне сүйенсек 24 жастағы спортшының допинг-сынамасынан синтетикалық анаболикалық метастерон стероиды анықталған. 

Айта кетерлігі, бұл спортшының мансабындағы алғашқы допинг дауы емес. 2015 жылы ол жастар арасындағы әлем чемпионатынан шығарылған еді. Алайда кейін допинг-препараттардың ағзасына биологиялық белсенді қоспалар арқылы түскенін дәлелдей алды.

Допингтің оң сынамасы 2022 жылдың наурызында алыныпты. Ал спорттан шеттету туралы шешім енді ғана қабылданған. Допингке қарсы орталықтың спорттан шеттетілгендер тізімінде өзге де ауыр атлеттер, жеңіл атлетика мен таэквондо өкілдері де бар. 

2020 жылы Токио Олимпиадасында Игорь 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль жеңіп алған еді. 

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago