Toyota көліктері Қазақстанда құрастырылуы мүмкін бе?

Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаровтың сөзінше елімізде аталмыш компанияның ашылуы жоспарда жоқ. Оның айтуынша, компаниядағы машиналардың құны біздің нарық үшін тым қымбат. Сол себепті Toyota компаниясымен келіссөздер жүргізудің еш ыңғайы жоқ.

Қазір Қазақстанда Kia, Hyundai, JAC секілді компаниялардың дамуын ескерсек, Toyota бәсекеге қабілетті бола алмайды деп ойлаймын. Брендтің келуі ылғи да басымдық немесе тиімді бола бермейді,

деп атап өтті ведомство басшысының орынбасары.

Өз сөзінде компания Қазақстанда автомобильдер шығаруға тырысқанын, бірақ нарық олардың құнын қабылдамағанын қозғап өтті. Toyota машиналары бізде 2014 жылдан 2016 жылға дейін шығарылған болатын.

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында Toyota зауыты бар, онда жылына 100 мың көлік шығарылады. Компания қазір қызметкерлерінің басым бөлігін жұмыстан шығарды, ал бұл істі 2022 жылдың соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago