Categories: Саясат

Күдебаевтың арты таза болса, елден қашпас еді

Трампты айтам. Өз ұшағымен, өз аяғымен сотқа келді. Оның соты да созбақталған жоқ. Оған 34 бап бойынша айып тағылды. Соның ең бастысы — сайлауда дауыс бұрмалау және секс-скандал. Трамп сот залына өз аяғымен кірді. Сотта сөз сөйлеп, өзіне тағылған айыптардың ешбірін мойындаған жоқ. Десе де сот үкім етеді.

Ол АҚШ-тың экс-президенттерінің ішінде қамауға алынған, ашық қылмыстық іс қозғалған алғашқысы болуы керек, шатаспасам,

деп жазады Usbanov арнасының білікті сарапшысы.

Әрине, ол келер сайлаудың басты жұлдызы еді. Оның жеңу мүмкіндігі де өзгелерден жоғары еді.

Біздің сыйыр қарын, өгіз мойын жуандар (Күдебаев секілділер) бұндайда оп-оңай, ешкімге байқатпай шетел асып кетеді. ҚР ҰҚК: «Күдебаев кеден бекеттерінен өткен жоқ»,- депті.

Сонда ол шекараның сым шарбағын аттап өтті ме?!

Трамптың қандай президент екені басқа сөз. Ол неге сотқа өз аяғымен келді? Өйткені, ол өзіне сенімді. Оны соттайтын АҚШ соты, АҚШ заңы.

Ал Күдебаев Қазақстанның сотына, заңына сенбейді, өзін ақтап ала алмайтынын біледі. Яғни арты таза емес.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago