Categories: Қоғам

Туристерден Таиландқа бару үшін қайта вакцинация паспорты талап етіледі

Биылғы жылдың 9 қаңтарынан бастап Таиландқа кіру үшін туристер қайта вакцинация паспортын көрсетуі қажет. Бұл туралы Air Astana әуекомпаниясының Telegram-арнасында хабарланды.

2023 жылдың 9 қаңтарынан бастап Таиландқа вакциналау туралы талаптары қалпына келтіріледі. 18 жастан асқан жолаушылар кемінде екі доза мөлшерінде толық вакцинацилау туралы анықтаманы (вакцинаның екінші компоненті елге келгенге дейін кемінде 14 күн алуы тиіс) немесе соңғы алты айдан кешіктірмей (180 күн) алынған коронавирустан айығуды растайтын дәрігерден анықтаманы және вакциналаудан босату туралы хат-негіздемені көрсетуі қажет,

делінген әуекомпания жазбасында.

Сонымен қатар азаматтар вакциналанбаған жолаушы оның себебін көрсетуі керек.

«Вакциналауы жоқ жолаушы дәрігерден себебін көрсететін хат ұсынуы керек. Сонымен қатар, жолаушылардың 5 пайызы ұшып келген кезде ПТР тестін іріктемелі тапсырады. Covid-19 індетіне байланысты жолаушының қайтып келуіне кедергі болатын талаптары бар елден келген болса, онда ол Таиландта 7 күннен астам болғанда Covid-19 емдеуді қамтитын медициналық сақтандыруға ие болуы керек.

Жұмыс бабымен саяхаттаған адамдар, оның ішінде экипаж мүшелері де осындай талапқа сәйкес болу үшін қабылдаушы тараптан хат ала алады. Таиланд төлқұжаты бар жолаушылар вакциналау талабынан және медициналық сақтандыру талаптарынан босатылады.

Транзиттік/трансферттік жолаушылар вакциналау талабынан және медициналық сақтандыру талаптарынан босатылады. Бұл жолаушылар бара жатқан елдің талаптарын сақтау тиіс», — деп толықтырды әуекомпаниясы.

Естеріңізге сала кетейік, Таиландта туристерге арналған карантин шаралары 2022 жылдың 1 қазанында алып тасталынған болатын.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago