Қоғам

Тышқандар жүр: Желіде Атыраудағы перзентханаға қатысты видео тарады

Облыстық перинаталдық орталық уақытша көшкен ғимарат қаладан алыс жерде, жазық далалық аумақта орналасқан. Тышқандардың жайлауын болдырмау мақсатында дезинфекция жұмыстарын жиі жүргізеді. Соған қарамастан, дезинфекция жұмыстары нәтиже бермеуде. Тышқандардың өріп жүруін облыстық перзентхана өкілдері қазіргі уақытта ғимараттың жазық далада орналасуымен түсіндірді, деп хабарлайды Айқын агенттігі.

Қазіргідей эпидемиологиялық жағдайдың күрделі болуына байланысты дезинфекциялық, дератизациялық жұмыстарды айына екі рет жасап жүрміз. Кішкентай сәбилер жататын ғимарат болғандықтан, мұндай шараларды екі реттен көп жасауға тағы болмайды.

Қазіргі уақытта екінші жартыжылдыққа қайтадан келісімшарт негізінде, 21 тамызда дератизациялық жұмыстар жасадық. Бүгін тағы дезинфекциялық жұмыстар жасалмақ,

деп түсінік берді Атырау облыстық перинаталдық орталығының ресми өкілі Нұргүл Исмағұлова.

Еске сала кетсек, Атырау облыстық перинаталдық орталығы 2022 жылғы қазан айынан бастап қала сыртына, коронавирус кезінде салынған модульдік ауруханаға көшірілген болатын.

Қазіргі уақытта перинаталдық орталықтың ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Күрделі жөндеу жұмыстары аяқталған соң, перзентхана бұрынғы мекежайына қазан айында көшірілетін болады.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago