30 қарашада Оралдағы «Шаңырақ» жасөспірімдер үйінің түлектері наразылық акциясына шықты. Олар мемлекеттен баспанамен қамтамасыз етуді талап етті. Бұл туралы Азаттық Радиосы хабарлады.
Наразылық білдірушілердің сөзінше, жергілікті билік «Шаңырақ» жасөспірімдер үйіне жөндеу жұмысын жүргізуді шешкен. Жөндеу жұмысынан соң балалар үйінің түлектері онда тұра алмайды. Оған қоса оларды коммуналдық қызмет ақысын төлеуге міндеттеген.
Заң бойынша Жасөспірімдер үйінде балалар үйінің түлектері 23 жасқа дейін тұра алады. Одан соң жеке пәтерге көшуі тиіс немесе пәтер жалдауы керек. Қазір «Шаңырақта» шамамен жүз адам тұрады, барлығы 23 жастан асқан.
Бізге «Шаңырақты» жөндеуге жабатынын айтты, әзірге баспана берген жоқ. Бірақ жөндеуден кейін де біз өз бөлмелерімізге орала алмаймыз, себебі жасымыз асып кеткен. Ол жаққа оралуға асық та емеспіз, бірақ ешқайсымыз мемлекеттен пәтер алған жоқпыз,
деді «Шаңырақ» тұрғыны Алеся Арыстанғалиева.
Билік өкілдерімен алдыңғы кездесулердің бірінде Жасөспірімдер үйі тұрғындарына мемлекеттен жалға берілетін үйлерді күтпеу қажеттігін алға тартқан, себебі аймақта жеңілдікпен берілетін пәтерлер құрылысы жүріп жатқан жоқ. Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев «Шаңырақ» тұрғындарына жеңілдікпен ипотека алуды ұсынған.
Біздің ешқайсымыз ипотека ала алған жоқ. Талаптарға сәйкес емеспіз. Бір түлек қана өте алды, бірақ оған да «гарант жоқ» деп баспана берген жоқ. Ол гарантты қайдан табады, себебі ол жетім!
деді наразылық білдіруші Әсел Антаева.
Жиналғандардың алдына шыққан Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов сонда да ипотека алуды ұсынды.
Қазір БҚО әкімдігі «Отбасы банк» басқармасымен пайыздық мөлшерлемені 2 процентке дейін азайту бойынша келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл дегеніңіз айына бір бөлмелі пәтер үшін 97 мың теңге емес, 65 мың теңге төлеу қажет дегенді білдіреді. Біз қолымыздан келген нәрсенің бәрін жасап жатырмыз,
деді Нарымбетов.
Азаттықтың хабарлауынша, балалар үйінің түлектеріне шалғайдағы ауылдарға, саяжайларға қоныс аударып, баспана жалдау ұсынылған. «Шаңырақты» жөндеу кезінде балалар үйінің түлектері қайда тұруға тиіс деген сұраққа әкімнің орынбасары жауап бере алмады.
Кейінгі жылдары «Шаңырақ» тұрғындары Жаспөспірімдер үйі алдында бірнеше рет акция өткізген.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…