Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап беріп жатыр.
Бұл туралы El.kz жазды. Бұл жолы Назым Қаһарман Қуандық Бишімбаевтың діни көзқарасы жайлы айтты.
Желі қолданушылары Назым Қаһарманға «Бишімбаевтың дінге көзқарасы қандай болған?», — деген сауал жолдады.
Ол ата-анасы сияқты әрқашан дінге жақын болатын. Мен білуімше, ол бес рет кіші қажылыққа барған. Бірақ оның арқасында дін мен рухани дүние деген екі түрлі нәрсе екенін түсіндім,
деп жауап берді Назым Қаһарман.
Бишімбаевтар әулетінің діни сенімінен бөлек көріпкел-балгерлерге жиі жүгінетіні жөнінде де айтып қалды.
Әрдайым көп нәрсе білгісі келетін. Басқа адамдарға қарағанда бәрін бірінші боп білуге тырысатын. Отбасымен көріпкелге баратын,
дейді Назым Қаһарман.
Бұған дейін өткен сот отырыстарында Қуандық Бишімбаев ораза ұстап, мешітте ауызашар бергені жөнінде айтқан еді. Сондай-ақ азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкеновадан да намаз оқуды талап еткені анықталған.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…