Фото: бағдарламадан алынды
Отандық әнші Дильназ Ахмадиева 2020 жылы 39 жасында алғаш рет ана атанған еді. Өнер иесі «Мамский әңгіме» бағдарламасында ұлы туылғанша, бірнеше мәрте сәтсіз жүктілікті бастан кешіргенін баяндап берді.
Ұлымды 9 жыл күттім. 39 жастан асқанда жалғыз ұлымды босандым. Жүктілік кезінде еш қиындық болмады. Тіпті 6 наурыз күні концертте ән салдым. Ал 14 наурызда босандым. Жасым жүктілік үшін ересек болса да, аяғым ауыр кезде қиындық болмады.
Босанғаннан кейін 2 күн өткенде карантин басталып, перзентхананы жауып тастады. Өте қатты арықтадым. Перзентханаға 63 келі салмақпен кіріп, 53 келі салмақпен шықтым. Ал арада екі ай өткенде салмағым 46 келіге түсті.
Баласын 56 см, 4,5 келі салмақпен босанған.
Сонымен қатар Дильназ Ахмадиева осыған дейін бірнеше рет сәтіз жүктілік болғанын, ал ұлын ЭКҰ арқылы босанғанын мәлім етті.
Мен ЭКҰ жасаттым. Жүктілікті аңсаған 9 жылдың ішінде денсаулығымда гормондық өзгерістер болды. Тоғыз жылда екі жатырдан тыс жүктілік, төрт түсік болды. Екі жатырдан тыс жүктіліктен кейін менде екі жатыр түтігі жоқ. Сондықтан менде ЭКҰ-дан басқа нұсқа болмады. Бұл менің екінші рет жасатқан ЭКҰ-м. Бірінші ЭКҰ-ны бірінші күйеуіммен жасатқанмын. Осыған дейін үш рет эмбрион үш апталығында дамуын тоқтатты. Мұның себебін тіпті дәрігерлер де анықтай алмады.
Осыдан кейін үмітім үзілсе де, тағы да бағымды сынап көргім келді. Үшінші аптаны өте қатты күттім. Эмоционалды түрде мән бермеуге тырыстым. Соның өзінде түсік түсіме кіретін. Сөйтсем, төртінші, бесінші апта өтіп жатыр. Мен алтыншы аптада терең тыныс алдым. Мен тіпті қуануға қорықтым. Біреуге айтуға қорықтым,
деді Дильназ Ахмадиева.
14 наурыз күні әншінің ұлы 3 жасқа толды. Атаулы күнді жақындары мен туыстарының арасында атап өтті.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…