2022 жылы 78,4 мың әуе рейсінің ішінен 5 мыңнан астамы тоқтатылған. Бұл туралы Сенатта әуе көлігі мәселесін талқылау кезінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмаз Ыдырысов айтты.
Осы орайда ол 2,1 мың рейс операциялық себептер бойынша, 2,9 мыңы коммерциялық жағдайға қатысты тоқтағанын айтты.
Вице-министрдің сөзіне қарағанда, былтыр әуе рейстерінің тұрақтылығы 74 пайызды құраса, 2021 жылы бұл көрсеткіш 82 пайыз болған. 2022 жылы рейстердің кешігуінің негізгі себептері ретінде техникалық жағдай (13%), жолаушыларға қызмет көрсету, багаж және жүкті ұзақ түсіру (16%), климаттық жағдайлар (8%), адами факторы – экипаждың жетіспеуі, шекара әрі кедендік бақылау және басқа да оқиғалар әсер еткен.
Әуе көлігімен тасымалдаушының кінәсі дәлелденсе, біз әкімшілік жауапкершілікке тартамыз. 2022-2023 жылдары жалпы сомасы 8200 АЕК-ті (25,2 млн теңге) құрайтын 9 әкімшілік айыппұл салынды,
деді министрдің орынбасары.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…