Фото: istockphoto.com
Компаниялардың әуе тасымалынан төрт айда түскен табысы 205 миллиард теңге болды.
Биыл қаңтар–сәуір айларында әуе тасымалымен айналысатын компаниялардың табысы 204,6 млрд теңге болды, былтыр көрсеткіш 119,6 млрд теңге болды. Құндық мәндегі жылдық өсім 71,1%. Оның ішінде барлық бағыттар бойынша жүк пен багаж тасымалынан түскен табыс 4,2 млрд теңге, жолаушылар тасымалынан түскен табыс 200,4 млрд теңге болды.
Экипажы бар көліктерді лизингке беруден түскен табыс 2 млрд теңге болды.
Жолаушылар тасымалы саласында биыл қаңтар–сәуір айларында әуе компаниялары 3,6 млн адамды тасымалдады, бұл бір жыл бұрынғыдан 36% артық. Ең көп көрсеткіш Алматыда тіркелді: 1,2 млн адам, бір жыл бұрынғыдан 34,9% артық. Алғашқы бестікке Астана (951,8 мың жолаушы), Шымкент (346,3 мың жолаушы), сондай-ақ Атырау (305,5 мың жолаушы) және Маңғыстау (220,7 мың жолаушы) облыстары енді.
Жолаушылар айналымы 7,1 млрд жкм құрады, бұл былтырғымен салыстырғанда 65,7% артық.
Төрт айдың қорытындысы бойынша жүк пен багаж тасымалдау 7,8 мың тоннаны құрап, бір жыл бұрынғыдан 26,2% өсті. Жүк тасымалының барлық көлемі үш мегаполистің үлесіне тиді: Алматы (4,7 мың тонна, жылдық өсім — 22,6%), Шымкент (2,2 мың тонна, 40,9% көбейген) және Астана (1 мың тонна, 18,2% көбейген).
Биыл қаңтар–сәуір айларында жүк айналымы 16,9 млн ткм құрады, бұл былтырғымен салыстырғанда 30,3% артық.
Биыл мамыр айының қорытындысы бойынша әуе көлігі қызметі бір жылда 28,9% қымбаттады.
Ең көп қымбаттаған өңірлер Маңғыстау (63,5%), Атырау (56,5%), Қызылорда (42,7%), Жетісу (37%) және Қостанай (28,6%) облыстары. Ең аз қымбаттаған өңір Абай облысы — бар болғаны 0,7%.
ҚР 20 өңірінің 2-де әуе көлігі қызметі, керісінше, арзандады: Алматы (11,5%) және Ұлытау (21,4%) облыстары.
2023 жылдың соңына дейін Қазақстаннан тағы сегіз жаңа әуе жолы ашылады, деп хабарлайды zakon.kz. Қазіргі уақытта 3 отандық және 26 шетелдік авиакомпания 102 әуе бағыты бойынша аптасына 494 рейс жиілігімен 27 мемлекетке халықаралық жолаушылар рейсін орындайды.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…