Categories: Экономика

Әуеде ұшу бір жылда 17% қымбаттаған

Бір жылда  жолаушыларды әуеде тасымалдау қызметінің бағасы 16,8% өсті. Бұл туралы Energyprom.kz мәлімдеді.

Аймақтық тұрғыда бағаның өсуін ең әуелі Батыс Қазақстан облысының тұрғындары сезінді: бірден плюс 67%. Көшбасшы үштікке Абай (жыл бойынша 57,3% плюс) және Қостанай (плюс 43,2%) облыстары да кірді. Қазақстанның 20 облысының ішінен тек Ұлытау және Алматы облыстарында бағаның төмендеуі байқалды: тиісінше 20,8% және 3,9%.

2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында авиакомпаниялар 11 миллион жолаушы тасымалдаған. Бұл бір жыл бұрынғыдан 16,5% көп. Ең жоғары көрсеткіштер Алматыда тіркелді: 7,4 млн адам, плюс бір жылда 11%. Одан кейін Шымкент (3 млн адам) пен Астана (562,5 мың адам) тұр.

Жолаушылар айналымы 20,1 млрд пкм болды. Бұл бұрынғымен салыстырғанда 35,7% өсті.

Былтырғы қаңтар-желтоқсан айларының қорытындысы бойынша әуе көлігімен жүк пен багажды тасымалдау 24,5 мың тонна болды. Бұл бір жыл бұрынғыдан 27,9% аз. Әуе жүктерін тасымалдау республиканың үш облысында – Алматыда (14,7 мың тонна), Шымкентте (6,3 мың тонна) және Астанада (3,5 мың тонна) ғана тіркелді.

Наргиза Аршидин

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago