Украин әйелдерін зорлауға шақырған ресейлік солдаттың әйеліне халықаралық іздеу жарияланды

Күдіктінің аты-жөні Ольга Быковская. Биыл сәуірде Украина қауіпсіздік қызметі оның соғыстағы күйеуі Роман Быковскиймен сөйлескен әңгімесін тауып, жариялаған.

Украина қауіпсіздік қызметі тергеушілерінің айтуынша, «Ресей азаматы украин қоғамын жеке себеппен жек көруіне байланысты украин әйелдеріне құрметсіздік көрсете отырып, күйеуін – Херсон облысындағы Ресейдің оккупациялық армиясының әскери қызметкерін уақытша басып алынған аймақтағы украин әйелдерін зорлауға шақырған».

Быковская өзінің әрекетімен соғыс кезіндегі бейбіт тұрғындарды қорғау және қарулы қақтығыс құрбандарын қорғау туралы халықаралық конвенция шарттарын бұзған.

Украина қауіпсіздік қызметі соғыстағы «күйеуін украин әйелдерін зорлауға шақырған» ресейлік әскери қызметкердің әйеліне қозғалған істі тергеп болған, іс сотқа жіберілді.

Украина бас прокуроры кеңсесінің хабарлауынша, ресейлік әскери қызметкердің әйелі «соғыс заңы мен ережелерін бұзды»(Украина қылмыстық кодексінің 438-бабы, 1-бөлігі) деп айыпталып отыр. Егер оның кінәсі дәлелденсе, 12 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бірақ мұндай жаза ол ұсталып, Украинаға экстрадицияланған жағдайда ғана беріледі.

Украина бас прокуратурасының хабарлауынша, күдіктіге мемлекеттік, мемлекетаралық және халықаралық іздеу жарияланған. Ол Киевпен экстрадициялау туралы келісім бар елге барса, ұсталады.

Ресей басқыншылығы кезінде зорлық-зомбылық оқиғалары Херсон облысында көп тіркелген.

Украина ұлттық полициясының мәліметінше, соғыс басталғалы бері Ресей басып алған Украина аймағында 154 зорлау қылмысы тіркелген. Көбі (64-і) Херсон облысында тергеліп жатыр.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago