Саясат

Украина мен Ресей арасындағы соғыс қашан аяқталады?

Қоғам белсендісі Данат Жумин Украинаның Киевіне барып, қазіргі хал-ахуалды өз көзімен көріп қайтуды жөн көріпті. Блогер жергілікті халықтан соғысқа қатысты болжамдарын бөлісуді сұраған.

Америка кінәлі

Киев қонақүйлерінің бірінді Данат Жумин әскери киім киген америкалықпен танысып соғысқа қатысты ойын білген.

Америкалықтың айтуынша, ол мұнда 2022 жылдың ақпанынан бері жүр. Калифорниядан келген. Не үшін деген сұраққа «Украина халқына бейбітшілік пен тәуелсіздік үшін әділ күресте көмектесуге келдім» деп жауап берген. Оның пікірінше, АҚШ билігі Украинаға бұдан да зор көмектесе алар еді, алайда көмектеспей отыр. Және бұған ол қапалы көрінеді.

Ал «Соғыс қанша созылуы мүмкін» деген сұраққа америкалық ұзақ жауап беріпті. Және бұған да оның пікірінше АҚШ кінәлі.

Егер олар Украинаға керегін берсе, соғысты тезірек аяқтауға болар еді. Бірақ Америка билігі өз саяси мақсаттарын көздейді, сайлауды күтеді. Алайда сайлауға жақын, көбірек дауыс жинау үшін Украинаға көбірек көмектесе бастайды,

деп сенеді америкалық.

Данат Жумин көшеде тағы бір әскериді кездестіріп, сұрақтарын қойыпты. Әскери Украина күштерінің полковнигі екенін айтқан. Соғыста өзі де, ұлы да қызмет етіп жүр. Соғыстың егжей-тегжейін айтпаса да, бұл ұзаққа созылатынын болжапты. Барлығы соңына дейін күресуге дайын көрінеді.

Қарапайым халық не дейді?

Қарапайым халық тезірек бейбіт орнағанын қалайды. Бірақ бейбіт өмір тек жеңіс арқылы келетініне сенімді. Ал жеңіс деген не? Көптің айтуынша, 1991 жылы белгіленген шекараға қайта оралу. Жеңіске жету жолы қандай? Мұнда халықтың пікірі екіге бөлінген.

1. Донбасс пен Қырымды азат етпейінше, соңына дейін күресу

2. Шамасы жеткен жерлерді азат ету және Ресейден агрессияны тоқтатуды талап ету. Конфликтті мұздату. «Экономикалық ғажайып» жасау. Ресейдің арғы жағында қалғандар бізде бәрі керемет екенін көрген соң өздері қайтып келеді және біз оларға көмектесеміз.

Алайда, Данат Жуминнің пікірінше, бірінші нұсқаны қолдайтындар көбірек. Қазір тұрғындар күз бен қысқа дайындалып жатыр. Қиын болатыны сөзсіз дейді жұрт.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago