Categories: Саясат

Украина Ресейді БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінен шығаруды талап етті

Киев БҰҰ-ға мүше елдерді Ресейдің бұл ұйымның Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшелігінен шығару мәселесін қарауға шақырды. Бұл туралы Украинаның сыртқы істер министрлігі мәлімдемесінде айтылады

Онда халықаралық құқық жағынан алғанда, Ресей қолданып келе жатқан «БҰҰ-ға мүше мемлекет» мәртебесі жөніндегі мәселе 1991 жылдың желтоқсанында СССР тарағаннан бері жөнге салынбай келеді.

«Ресей БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшесі деген мәртебені Ұлттар Ұйымының белгіленген жарғысынан айланып өтіп алған. Өлке бұл мәртебені президент Борис Ельциннің БҰҰ-ның бас хатшысына жөнелткен жәй хаты негізінде ие болып қалған. БҰҰ жарғысында, оның ішінде Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшелері бар бапта Ресей аталмаған», — деп жазылған украин СІМ мәлімдемесінде.

Сонымен бірге мәлімдемеде БҰҰ жарғысына сәйкес, ұйымға бейбітшілікті жақтаған елдер ғана қатыса алатыны айтылып, Ресейдің Украинаға агрессиялық соғыс жүргізіп жатқаны жазылған.

Әзірге Ресей және БҰҰ-ғ мүше елдер Украинаның мәлімдемесіне пікір білдірмеді. Осыған дейін Батыс елдерінің оның ішінде АҚШ өкілдері Ресейді Қауіпсіздік кеңесінен шығарудың заңдық механизмдері жоқ екенін бірнеше рет білдірген.

БҰҰ-ға Украина мен Беларусь СССР құрамындағы УССР және БССР республикалары ретінде кірген. Ресейден басқа бұрынғы советтік республикалар БҰҰ-ның құрамына оның жарғысында қаралған ережелер бойынша қабылданған.

«Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) қолдауымен СССР-дің БҰҰ-дағы, оның ішінде Қауіпсіздік кеңесіндегі мүшелігін Ресей Федерациясы жалғастырады. Осыған байланысты БҰҰ-дағы СССР деген атауды Ресей Федерациясы деп өзгертуіңізді өтінемін», — деп жазылған Ельциннің 1991 жылы желтоқсанда БҰҰ-ның бас хатшысына жолдаған хатында. БҰҰ-да бұл ұсынысқа ешқандай қарсылық болған емес. Сонымен бірге Ресейді ұйымға қабылдауда формалды дауысқа да салынған емес.

БҰҰ жарғысына сәйкес, «Жарғы міндеттерін бұзған ел Қауіпсіздік кеңесінің ұсынысымен ұйымның Бас ассамблеясынан шығарылуы мүмкін». Бірақ іс жүзінде мұндай себеппен бірде бір ел БҰҰ-дан шығарылған емес.

СССР Финляндияға басып кіргені үшін 1939 жылы Ұлттар лигасының құрамынан шығарылған. Бірақ ол ұйымның ережелері басқа болған.

Айдын Қайнарұлы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago