Categories: Саясат

Украина саясаткері Ресей Қазақстанды басып алғысы келетінін айтты

Украина саясаткері Алексей Гончаренко Еуропарламентте жасаған баяндамасында Қазақстан Ресей насихатынан зардап шегіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлады Press.kz.

Бұл ел қазірдің өзінде ресейлік гибридтік шабуылға ұшырап жатыр. Ресей басып кірген менің елім Украинамен болған жағдайдың алдын алу үшін бүгін жай ғана бұл туралы айтуымыз керек, қазақтарға бүгін көмектесуіміз керек. Күн сайын ресейлік насихат Қазақстанды, әсіресе, оның солтүстік бөлігі Ресейдің бір бөлігі, ондағы (РФ билігі) «орыс тілді халықты қорғау керек» деп әңгіме таратып жатыр, 

деді ол.

Гончаренконың айтуынша, ол Ресей Федерациясының басқыншылық саясатынан басқа елдің зардап шеккенін қаламайды. Қазақстанды ол еуропалық мемлекет деп атады.

Қазақстанның болашағы – оны қоршап тұрған империялардың құрбаны болу емес, Еуропа Кеңесіне мүше болу, еркін әлемге қосылу, біздің қоғамға қосылу деп білемін. Алға, Қазақстан,

деп түйіндеді Гончаренко.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago