Categories: Шолу

Украинаны қолдау және Елена Рыбакинаның жеңілуі. 3 тамыз

Қазнетте Скриптониттің Украинаның қайырымдылық қорына 20 мың доллар аударғаны, Грузиядағы қазақ қызының өліміне қатысты үкімнің шыққаны және «5:32» сериалының төңірегіндегі жанжал жиі талқыланды…

2 тамызға қараған түні Ресей Федерациясы Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведевтің «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі парақшасында Қазақстан «жасанды мемлекет» деген посты шықты. Оған қоса, «Солтүстік және Оңтүстік Осетия, Абхазия және Грузияның қазіргі аумағы Ресеймен біртұтас мемлекеттің бөлігі ретінде ғана біріктірілуі мүмкін» делінді. 10 минуттан кейін пост өшірілді, кейін Дмитрий Медведевтің көмекшісі оның парақшасы бұзылғанын айтты. Бұл жаңалық қазақстандық ақпарат айдынында жаппай наразылық тудырған күннің ең резонанс оқиғасына айналды. Парақшаның бұзылғаны туралы комментарий өтірік мысқыл ретінде қабылданды және бұған ресейшіл аудиторияның өзегі ғана сенді.

Грузияда қайтыс болған қазақстандық Әсел Айтпаеваның өліміне қатысты шулы іс соңына жетті. Оның туысы Мұрат Мейірбеков «Зорлау» және «Адам саудасы» баптары бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сот оны 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті және ата-анасының моральдық шығын туралы талабын қанағаттандырып, 5 миллион теңге өтемақы өндіріп берді.

1 маусымнан бері елдегі суларға 140 адам батып кетті, оның 49-ы — балалар, деп хабарлады Премьер-министр Әлихан Смайылов үкімет отырысында. Бұл цифр қалың көрерменнің наразылығын тудырды. Балалардың өліміне көбіне ата-ана бақыламады деп соларды кінәлайды. Дегенмен пікір білдірушілер су айдындарында қажет қауіпсіздік шараларын жасамайтын жергілікті билікті де сынады.

Оралда балалар алаңында ақауы бар әткеншек 13 жастағы баланың саусағының бөлігін кесіп кетті. Оқиға үлкен резонанс тудырды. Өйткені бір күн бұрын дәл осы қалада дәл осындай оқиға болып, алаңдағы сапасыз құрал-жабдықтың кесірінен бір бала дәл осындай жарақат алған еді. Халық балалар мен спорт алаңдарын тексеруге уәде берген Орал қаласының әкімдігін қатты сынап жатыр.

Жазушы Асқар Жалдиновтың әйгілі Salem Social Media платформасына қатысты түсірген шағымы туралы хабар БАҚ пен оқырман қауымның үлкен қызығушылығын тудырды. Жазушының айтуынша, әйгілі «5:32» сериалын (отандық сериялық кісі өлтірушілердің нағыз сенсациялық оқиғаларына негізделген детектив) түсіргендер тележобаға жазушының «Протоколдан тыс: Қазақстандағы аты шулы қылмыстар құпиясы» кітабынан материал алған. Компания тағылған айыптарды жоққа шығарып, жазушы сериал үзінділерін кітапты жарнамалауға пайдаланды деп қарсы іс қозғауға уәде берді.

Республиканың бас санитар дәрігері қазір ковидтің тағы бір толқынына байланысты шекара жабудың еш мәні жоқ екені туралы мәлімдемесіне ерекше назар аударылды. Бұл үшін ерекше жағдай болуы керек, деп түсіндірді Айжан Есмағамбетова. Бұл ерекше жағдайлар ықтималдығы әлеуметтік желілерде талқыланып жатыр. Оған қатысты ковид диссиденттері мен вакцинаға қарсы қауымдастықтар қайтадан белсенді бола бастады.

Скриптонит деген атпен танымал рэпер Әділ Жәлелов украиналық «Маша» қайырымдылық қорына 20 мың доллар аударды. Бұл жаңалықты әнші жуырда өткен концертінде қаңтар оқиғасы мен Ресей-Украина соғысында қаза тапқандарды еске алу үшін жарияланған үнсіздігі сияқты қалың аудитория, әсіресе оппозиция мен сыншыл аудитория оң қабылдады.

Спорт шаралары ішінде танымал теннисші Елена Рыбакинаның Ресей чемпионы Дарья Касаткинамен кездесуде жеңілгені көпшіліктің назарын аударды. Еске салайық, Елена Рыбакинанаға қатысты жақында Ресей Федерациясына адалдық және шетел азаматтығы бар деп айыпталған резонанс оқиға болып еді. Әлеуметтік желілерде оған қолдау білдіріп, болашақ жеңістерге деген тілектер айтылды.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago