Categories: Білім

«Унитазға басыңды жарамын, ешкім білмей де қалады»: мектеп директоры оқушыны қорқытқан

Қостанай облысының Мичурин мектебінде мектеп директоры оқушыны дәретхана унитазына басын жарамын деп қорқытқан. 

Мектепте ата-аналар жиналысы өтіп, директор әрекеті үшін кешірім сұрады. Тараптар татуласып, директор тәртіптік жауапкершілікке тартылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қостанай облысында мектеп директоры «оқушының басын әжетханадағы унитазға жарамын» деп қорқытқаны үшін сөгіс алды.

ТоболИнфо басылымының мәліметінше, Мичурин атындағы мектеп директоры Айнаш Даданованың сөздері жазылып қалған аудиожазбаны оқушы желіге жариялапты. Онда директор мектепте 36 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқанын, «оқушылармен қарым-қатынас жасауды жақсы білетінін» айтады.

«Мектепте саған не ұнамайды? Мүмкін мені ұнатпайтын шығарсың? Мен ешкіммен қалжыңдасайын деп тұрған жоқпын. Мектепте 36 жыл жұмыс істеймін, сен сияқтылармен не істеу керектігін білемін. Келесі жолы басыңды дәретхана унитазына жарамын, ешкім білмей де қалады. Аяғы шалынып кетіпті деймін. Сенімен қалжыңдап тұрған жоқпын, мұның соңғы рет болсын”,

дейді ол жазбада.

Кейбірі оқушыны қолдаса, енді бірі мектеп директорына жақтасқан. Олардың пікірінше, жанжалдың бастапқы себебін білу керек.

Облыстық білім басқармасы директордың педагогикалық этиканы бұзу фактісін мойындады.

“Оқиға оқушылардың мектеп мүлкін бүлдірген бірнеше жағдайынан кейін орын алған. Мектепте ата-аналар жиналысы өтіп, онда директор кешірім сұрады, тараптар татуласқан. Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы Әдеп жөніндегі кеңесі тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдады. Директорға сөгіс жарияланды”,

деді Қостанай облысының білім басқармасы.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago