V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны Қазақстанда өтеді

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын 2024 жылы Қазақстанда өтетінін айтты. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Президент Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады. Мемлекет басшысына Парламент Мәжілісінің қазіргі заң шығару қызметі туралы ақпарат берілді. Соның ішінде, Мәжіліс депутаттары «Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы», «Конституциялық сот туралы», «Прокуратура туралы» заң жобаларын және бірқатар конституциялық және басқа да заңға енгізілетін өзгерістерді қарастырып, Сенатқа жолдады. Бұл құжаттарды талқылауға эксперттер тобы қатысты. Талқылаулар қоғам мен БАҚ-қа жария түрде өтті.

Палата мақұлдаған заң жобалары биылғы 5 маусымда өткен референдумда халық дауыс берген конституциялық реформалардың негізгі ережелерін жүзеге асыруға бағытталған. Енгізілетін заң нормалары азаматтардың конституциялық құқықтары қорғалуын күшейтуге және тұрғындардың еліміздің саяси өміріне араласу мүмкіндігін кеңейтуге септігін тигізеді,

делінген хабарламада.

Ерлан Қошанов мемлекет басшысына парламенттік дипломатия және шет мемлекеттердің заң шығарушы органдарымен арадағы іс-әрекеттер аясындағы жұмыстардың негізгі басымдықтары туралы айтты.

Мәжіліс төрағасы президентке Түркияның Изник қаласында өткен IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының салтанатты ашылу рәсіміне еліміздің делегациясының қатысқаны жөнінде баяндады. Түркі қоғамдастығы 2024 жылы V Дүниежүзілік көшпенділер ойынын Қазақстанда өткізу жөніндегі ұсынысты бірауыздан қолдады.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

4 дня ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

3 недели ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 месяц ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

5 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

9 месяцев ago