Categories: Оқиға

«Вагнер» құрамында соғысқан қазақ Украинада сотталды

Украина соты Қазақстанның 23 жастағы азаматы Шыңғыс Сейпиевті әскерге жалдану қылмысына қатысты іс бойынша тоғыз жылға соттады. Бұл туралы «Грати» украин басылымы сот үкіміне сүйене отырып хабарлады.

Іс материалдарына сәйкес, 2022 жылғы қазанда Сейпиевті «Вагнер» жекеменшік әскери компаниясы Украинаға қарсы соғысуға көндірген. 18 қарашада оны ұшақпен Түменнен Ростов облысына жеткізген. Сол жерде ол келісім-шартқа қол қойған. Әскери компания оған ай сайын 200 мың рубль төлеуге уәде берген. Сейпиев ақшаны келісім-шарт мерзімі аяқталған соң алуы тиіс болған.

Желтоқсанның басына дейін Сейпиев әскери дайындықтан өткен, одан соң Луганск облысының Кременная қаласына барған. 24 желтоқсанда оны Донецк облысы Бахмут ауданының Яковлевка ауылына жіберген. Сол жерде ол бір апта соғысқан, ал 30 желтоқсанда тұтқынға түскен.

Тергеуді Украина қауіпсіздік қызметі жүргізген. Тергеу нұсқасына қарағанда, Сейпиевті № 2 Түмен колониясында соғысқа баруға үгіттеген. Бұл уақытта ол кісі зорлау қылмысы үшін 10 жылдық жазаны өтеп жүрген. «Вагнер» жекеменшік әскери компаниясымен жасалған келісім-шартта сыйақы төлеу ғана емес, қылмыстық жазадан босату туралы да айтылған.

«Вагнер» әскери компаниясы 2022 жылғы жаздан бері колонияда жазасын өтеушілерді соғысқа үгіттеумен айналысып келген. Компанияның негізін қалаған Евгений Пригожин колонияларды өзі аралап, аса ауыр қылмыс жасағандарды Украинаға қарсы соғысуға көндірген. Алайда 2023 жылғы ақпанда Пригожин сотталғандарды үгіттеу тоқтады деп мәлімдеген.

Қаңтардың басында Пригожин бірінші топ рақымшылыққа ілінгенін хабарлаған. «Агенство» басылымы мен BBC Орыс қызметінің журналистері рақымшылық алғандар арасында ұрлық-қарлық, есірткі саудасы, кісі өлтіру қылмыстары үшін сотталғандар бар екенін анықтаған.

Мамырда «Вагнер» жекеменшік әскери компаниясы Украинадағы соғыста 20 мың жалдамалы жауынгер опат болғанын, олардың жартысы сотталғандар екенін мәлімдеген.

Арман Ерғалиев

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

3 часа ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

1 день ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

2 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

2 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

2 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

4 дня ago