Вайнер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовтің ісі сотқа жолданды

Алматы прокуратурасы қаржы пирамидасын құрды және оны басқарды деп айыпталған вайнерлердің ісі Алмалы аудандық сотына жолданды.

Алматы қаласының прокуратурасы ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және оны басқару фактісі бойынша қылмыстық істі Алматы қаласының Алмалы аудандық сотына А. Құрманғалиев, Р. Бурканов, Д. Рахимова, Д.Ча, А. Рүстемов, Т. Касенов, С. Касенов, Н. Сұлтанбаев, М. Шерниязов, М. Туребаев, Б. Жармұхамед, Ерлан және Ержан Мансуровтарды айыптау бойынша қылмыстық істі сотқа жолдады,

деп хабарлады Алматы прокуратурасы.

Сонымен бірге іс фигуранттары Әділет Ораз бен Әзімжан Саидбаев әлі іздестіріліп жатқаны, оларға халықаралық іздестіру жарияланғаны хабарланды.

Қылмыстық іс аясында 41 жылжымайтын мүлікке, 3 автокөлікке, 9 банктік шотқа және 16 компанияның жарғылық капиталындағы әртүрлі үлестерге тыйым салынған. Іс бойынша айыптауды процессуалды прокурор қолдайды.

Айта кетейік, 2022 жылғы ақпанда Алматыда Mudarabah capital компаниясына қатысы бар деген күдікпен ұсталған бірнеше адамға қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету бойынша айып тағылды. Олардың ішінде танымал блогерлер де бар. Вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов қамауға алынып, тағы бір вайнер Азимжан Саидбаев шетелге қашып кеткен болатын.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago