Валерий Меладзе төңірегіндегі дау: Ресей депутаттары әншіні азаматтығынан айыруды талап етіп жатыр

Украинада арнайы әскери операция басталғалы әнші Валерий Меладзенің басына қара бұлт үйірілді. Екі ел арасындағы жанжалға қарсы шыққан әншіге қазір Ресей сахнасы жабық, сондықтан әнші шетел сахналарын талғажаулауға мәжбүр. Осылайша, Дубайда өткен жаңажылдық концертте әншінің басы тағы дауға қалды.

Жаңа жыл қарсаңында әнші Дубайда өнер көрсетіп жүрген кезінде сахнаға бір жігіт жақындап, «Слава, Украине!» дейді, оған Меладзе «Героям слава!» деп жауап береді. Алайда, кейін әнші бұл сөзіне «Біз мұнда саясаттан тыспыз» деп қосады. Бірақ бұл сөзі видеодан кесіліп қалғандықтан, алғашқы айтқан сөзі Ресейде жанжал туғызды.

Видео Желіде 2 қаңтарда таралып, ресейлік патриоттар сегментінің ашуын тудырды. Кейбірі әншінің «Героям слава» сөзін «Зиг хайль» деген нацистердің ұранына теңеді.

Осыдан кейін «несиелік және цифрлық құлдыққа, медициналық эксперименттерге, мигранттардың үстемдігі мен этносқа қарсы күресетін» Отан қорғаушылар армиясы ұйымы әншіге қарсы Бас прокуратураға арыз жазғаны белгілі болды. Олар Меладзенің Ресей Федерациясына кіруіне жол бермеуді және азаматтығы қаншалықты заңды екенін анықтауды талап етті.

Сенатор Елена Афанасьева Валерий Меладзені Ресей азаматтығынан айыруды ұсынды.

«Әділ Ресей – шындық үшін» жетекшісі Сергей Миронов әншіні барлық мемлекеттік наградалардан айыруды ұсынды.

Мемлекеттік Думаның отбасы мәселелері жөніндегі комитетінің төрағасы Нина Останина (КПРФ) оны «Ресейдің сатқыны» деп атап, барлық наградалардан айыруды ұсынды.

Ұлттық тарихи мұраны қорғау қоры әншіні шетелдік агент ретінде тануды талап етті.

Меладзе кейін Instagram парақшасында болған жағдайға қатысты түсінік берді.

10 ай бойы көпшілік сияқты мен де ауыр және қайғылы күй кешудемін. Мен сүйетін халықтар қазір жанжалдасып жатыр, адам қаны төгілуде. Мен ешкімді жеккөргім келмейді және біреуге жақтасқым келмейді. Мен тек антагонизм аяқталып, жақын халықтар арасында бітімгершілік орнағанын қалаймын. Сол үшін бар күшімді сарп етуге дайынмын,

деп жазды әнші.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

20 часов ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

20 часов ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

21 час ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

3 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

4 дня ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

7 дней ago