Categories: Саясат

Вашингтон күмәнді: украин соғысы биыл аяқталмайды

Қытай жеке бизнесті партиялық бақылауға алады; әйелдер премиясын ер адам алды; Байден салық жеңілдіктерін алып тастамақшы; Пентагон Украинадағы соғыстың болашағы туралы түсініксіз талқылауда; АҚШ барлау агенттіктері Бейжіңнің ықпалының артуы туралы ескертеді — әлемдік БАҚ-тың бірінші беттері осындай жаңалықтарға толы.

Тыныш партиялық бақылау

The Wall Street Journal елдегі ең ірі жеке компанияларды ұлттандыру мақсатында қытай мемлекеттік рейдтерден бас тартады деп жазады, өйткені жеке меншік иелерін партиялық тәртіпке сәйкес жұмыс істеуге мәжбүрлеу әрекеттері бизнестің жабылуына және жұмыс орындарының жоғалуына әкелді.

Бейжің сендіру мен мотивацияның жұмсақ түріне көшті. Бизнесі перспективалы деп саналатын жеке кәсіпкерлерге компаниядағы үлесті мемлекетке беру ұсынылады, есесіне директорлар кеңесінен орын, бюджеттік инвестициялар және партиялық иерархияда жоғары орын берілетіні уәде етілген.

Жеңілдіктер кімге берілмейді

Bloomberg-тің хабарлауынша, АҚШ президенті Конгрессте тығырыққа тірелген мемлекеттік қарыз лимитіне қатысты созылып кеткен дауларды жандандыруға ниетті.

Байден жыл сайын 400 000 доллардан астам табыс табатын корпорациялар мен американдықтарға жаңа салықтар ұсына отырып, Республикалық партияның шығындарды күрт қысқартуға байланысты үндеуін қабылдамайды деп күтілуде. Жеке инвестиция қорларына, мұнай компанияларына, сондай-ақ криптовалюта және жылжымайтын мүлік инвесторларына жеңілдіктер жасалмайтын болады.

Сарапшылардың айтуынша, бірінші кезекте Уолл-стрит зардап шегеді, өйткені қор нарығына инвесторлар армиясын жоғалтпаудың жаңа әдісін ойлап табуға тура келеді.

Қырғын соғыс

The Guardian АҚШ Ұлттық барлау директорының сенаттың ашық тыңдауында сөйлеген сөзін талдады.

Аврил Хейнс Ресейдің Украинадағы шығындардан кейін тез қалпына келуі екіталай екенін және биыл жаңа аумақтарды бақылауға ала алмайтынын айтты. Сонымен қатар, Хейнс көктемде күтіліп отырған қарсы шабуылдағы УҚК-нің мүмкіншілігі туралы сұрақтарға өте жалтарып жауап берді. Хейнс бұл көптеген факторларға, соның ішінде Ресейдің шабуылдарына тойтарыс беру барысында жоғалтқан украиналық әскерлер мен техника санына байланысты болатынын айтты.

Қазіргі уақытта қырғын соғыс жүріп жатыр, мұның нәтижесінде екі тарап та әскери артықшылыққа ие бола алмайды,

деді Хейнс.

Әйелдер, сендерге не болды?

Fox news Твиттер американдық сегментінің 8 наурыздағы әйелдерді марапаттау шарасына реакциясын сипаттады.

Американың бірінші ханымы Джилл Байден жыл сайынғы тек әйелдерге берілетін премияны…биологиялық ер адамға табыстады. АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз хабарламасында былай делінген:

«Альба Руэда – трансгендер әйел, ол сыныптан қуылған, оған емтихан тапсыруға тыйым салынған, оны жұмысқа алмаған, оған зорлық-зомбылық көрсетілген және өз отбасы одан бас тартқан. Бірақ осы проблемаларға қарамастан, ол зорлық-зомбылыққа нүкте қойып, Аргентинадағы ЛГБТ+ қауымдастығына қатысты кемсітушілікті тоқтату үшін жұмыс істеді».

Ер азамат болып дүниеге келген адам әйел сыйлығын алды деген ойдың өзі әлеуметтік желілерді ашуландырды және күлкіге қарық қылды.

Міне, кейбір пікірлер:

  • Ер адам әйелдер сыйлығын алып жатқанда, Ақ үйдің қандай гендерлік саясаты туралы айтуға болады. Кез-келген адам көйлек кие алады, бірақ әйел болып туылу – басқа…
  • Демократтарға әйел мен ер адамның айырмашылығын түсіндіре алатын адам бар ма…
  • Әйел болу ер адамның қолынан жақсырақ келетін сияқты ғой, бәлкім. Ханымдар, ойланыңыздар…

Жаңа қауіптер

New York Times АҚШ барлау агенттіктерінің Қытайға қатысты ескертуі туралы хабарлайды. Ресми тұлғалар Қытай шенеуніктерінің жақында өткен компартия съезінде сөйлеген сөздерін талдай отырып, Қытай Ресеймен серіктестікті тек АҚШ-ты әлсірету мақсатында қарастырады деп санайды.

Барлау агенттіктерінің жаңа қауіптер туралы есебінде

Бұл АҚШ-тың басшылығындағы әлемдік тәртіпке түскен қауіп, оны жауапсыз қалдыруға болмайды,

делінген.

Фариза Сагындыкова

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago