Categories: Экономика

Визасыз режим туралы Қытай әлі шешімге келмеді

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қытаймен визасыз режимге қатысты шешім жыл соңына дейін қабылдануы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2023 жылғы 17 мамырда Сиань қаласында Қазақстан мен Қытай арасында визалық талаптарды өзара босату туралы келісімге қол қойылды. Келісімнің 11-бабына сәйкес, тараптар оның күшіне енуі үшін қажет мемлекетішілік рәсімдердің орындалғаны туралы хабарламаны өзара алған күннен бастап, күнтізбелік 30 күннен кейін күшіне енеді. Қазіргі уақытта қазақстандық тарап барлық мемлекетішілік рәсімдерді аяқтады. Осы келісімді ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 26 шілдедегі №612 қаулысымен бекітіп, сондай-ақ биыл 28 шілдеде Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрлігіне тиісті хабарлама жолдады. Біз Қытай тарапынан ішкі процедуралардың аяқталуы туралы тиісті хабарлама күтеміз,

деп түсіндірді А. Смадияров министрліктің апталық брифингінде.

Тиісінше, қос ел арасында өзара визасыз режимнің күшіне енуі туралы ақпарат Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына шығады және Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланады.

Шілденің соңында Қазақстан Үкіметі осы келісімді бекіту туралы қаулыны қабылдағанда бірнеше БАҚ қате ақпарат жіберіп, бұл келісім күшіне енді деп жазыпты. Бұл дұрыс емес. Аталған қаулы тек Қазақстан тарапы ішкі процедураны аяқтады дегенді білдіреді. Енді Қытай тарапынан дәл сондай хабарламаны күтеміз. Осындай хабарлама келген күннен бастап, 30 күнтізбелік күннен соң келісім күшіне енеді. Шешім жыл соңына дейін қабылдануы әбден мүмкін

деді ҚР СІМ ресми өкілі.

Еске сала кетсек, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары аясында бірқатар құжатқа қол қойылды. Олардың арасында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісім» бар.

Биыл мамыр айының аяғында ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров бұл бағытта енді мемлекетішілік рәсімдерді аяқтау ескерілгенін, сондай-ақ тиісті қаулыны қабылдауға біраз уақыт керек екенін айтты.

Арман Ерғалиев

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago