Атақ және ақша

«Волонтер қызды бөлмесіне шақырған»: Виолончельші Бағжан Октябрь мәдениет басқармасына үндеу жасады

Павлодар қаласында виолончельші Бағжан Октябрь концерт берген болатын. Ол жергілікті концерт ұйымдастырушыларына ренішін білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі Павлодар өңіріне екінші рет жеке шығармашылық кешін берген.

“Рақмет, Павлодар! Концерт залының басшылығы менің жұмысшыларыма дөрекі қылық көрсетіп, дайындық барысында жарықты өшіремін деп қорқытқан. Қызметкерлерімнің арасында қарындасым Дина да бар. Оған да дөрекі мінезін көрсетіп, итеріп жіберген. Былтыр да дәл осы қызметкер ішіп алып, жағымсыз қылық көрсетіп еді. “Сендер менің жерімде жүрсіңдер! Мен не істесем де өзім білем” деп айтқан болатын. Ол кезде мен үндемедім. Осы жолғы қылығына шыдай алмадым. Өнерімді көрсетіп, сахна сыртына келсем, Динаның жылап отырғанын көрдім. Сол кезде ғана бәрін білдім. Концерт залының ақшасы толық төленген болса да, жарықты өшірем дегені қай сасқаны?! Кәсібилік қайда?! Бұл іске Павлодар қалалық мәдениет басқармасының назар аударуын сұраймын”, – деп ренжіді виолончельші.

Концерт қоятын кезде волонтерлердің көмегіне жүгінетін өнер иесі, көмекке келетіндердің дені – жас қыздар екенін айтады.

“Әр концерт өткізген сайын волонтерлердің көмегіне жүгінемін. Олардың дені – жас қыздар. Сол қыздардың біріне тиісіп, “менің бөлмеме кеттік” деп айтқан. Мен ойлаймын бұл дабыл қағатын жайт”, – дейді өнер иесі.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

1 месяц ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

5 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

11 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

11 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

11 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago