Фото: ашық дереккөзден
17 жасар Алматы қаласының тұрғыны 22 маусым күні такси шақыртып, діттеген жеріне жетпек болған.
Алайда, ең сенімді деген Яндекс – өте қауіпті болып шықты.
«НемолчиКЗ» қорының басшысы Дина Тансәрі жас қыздың жазбасымен бөлісті.
Қыздың айтуынша, такси жүргізушісі оған «Сенің фигураң ат екен, сенің қасыңда жанып барамын, сені қалаймын» деп дөрекілік көрсеткен. Жангельдина көшесіне жеткенде, қызға тиісе бастапты. Қолынан тартып, бетін сүйіпті. Санын сипалап, бірге қыдыруды ұсыныпты.
Кейін телефон нөмерін сұраған. Қыз көнбесе де, нөмерін бергенге дейін машинасын өшіріп, тоқтап тұрыпты. Райымбек және Тұрғыт Озал қиылысына келгенде бір нәрсе сатып алып берейін депті. Алматыда тыныш орындарды білемін, сол жаққа барайық депті, ұятсыз. Қорықанынан жас қыз телефон нөмерін беріп, ертерек құтылғысы келгенін мойындап отыр.
Әрине, зорланудан қорыққан қыз Яндекстің қолдау қызметіне шағым түсірген. Олар бір ғана шешім қабылдай алады.
Жаңағы жүргізушіні бұғаттайды.
Бұл шешім мәселенің енді қайталанбауына кепіл бермейді. Біреуіне шектеу қойса, екіншісі шыға келуі әбден ықтимал.
Бүгінгі күнге дейін жалғыз қауіпсіз такси қызметі «Яндекс» деп жүрген халық енді не істейді?
Жаңағы ұятсыз жүргізушіні жұмыстан қуа алмаймыз деп отыр олар. Ол үшін арыз жазу керек-мыс. Сол күні жәбір көрген қыздың анасы барып арыз жазған. Ертең басқалар опық жемесін деген ниетпен.
Мәселенің әрі қарай қалай өрбитінін білмейміз. Дегенмен, шындықты жазу керек. Ол қыздан бөлек, Алматының өзінде қаншама жасөспірімдер мен келіншектер бар? Олардың жартысынан көбі такси қызметін пайдаланады.
Міне, ұятсыз, арсыз жүргізуішінің суреті. Кім біледі, оның да өсіп келе жатқан қыздары бар шығар. Тағы да айта кетейік, біздің сот жүйесі басынан шіріген. Осыларға тоқтау қоятын кім бар? Ешкім жоқ. Әділетсіздік етек жайып барады.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…