Украинаны қарасаңыз, ондағы биліктің әр өкілінде өзінше дербестік бар. Соғыс басталғалы Зеленскийдің беделі күрт өсіп, әлемге танымал саясаткерге айналды. Сөйтсе де оған жалтақтап отырған өкімет мүшесі немесе аймақ басшысы жоқ. Әрқайсысы өз басы, өз көзқарасы бар қайраткер ретінде әрекет етеді, деп жазады Ержан Әбдіраман.
Олар мемлекет мүддесін президентке адалдықтан жоғары қояды.
Ал Мәулен Әшімбаев біздің мемлекеттегі екінші адам. Заң шығарушы билік тармағының басшысы.
Екі пост жазса, біреуіне Тоқаевты қосады. Бәрі Тоқаевтың тапсырмасымен.
Бұл автократиялық басқару жүйесіне тән нәрсе. Жай жағымпаздық емес. Әлдебір ерекше қасиетіңмен көзге түсуге болмайды. Керісінше, қай жағынан болсын президентке теңесе алмайтыныңды көрсетіп отыруың керек. Сондықтан өзі аса тәжірибелі, ақылды бола тұра, Әшімбаев мемлекет басшысының тапсырмасынсыз тұяғының ұшын қимылдата алмайтын адам сияқты көрінуге мәжбүр.
Автократиялық қоғамның дамымайтын, болашағы жоқ болатын бір себебі осы. Ол алғыр мен талантты тұншықтырып, сұрқайлық пен жағымпаздыққа жол ашады,
дейді ол.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…