Әлеуметтік желіге шолу

Ұят! кешірім сұрау аз! ҚазҰУ ректоры кетсін – Меруерт Түсіпбаева

Әнші ҚазҰУ ректорының отставкаға кетуін талап етті.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, әнші Меруерт Түсіпбаева ҚазҰУ-інде жарияланған қыздардың пәктігі туралы тізімге қатысты пікір білдірді.

Өнер иесі Instagram парақшасында қазақ қыздары мен әйелдерінің өмірі күрделі деп атады.

Жақында ғана қазақтың қыздары, қазақтың әйелдерінің өмірі неге сонша күрделі деп разбор жасап едім….. Менің постымнан кейін, МІНЕКЕЙ тағы бір тосынсый. Аталмыш ВУЗ-дың әкімшілігі қанша ақталып, осы мәселені жылы жауып, мәймөңкелегенімен (?!), бұл тізімнің жарыққа шығуында, бұның астарында бір шикілік бар-ау… Оны ақымақ болмасаңыз — аңғарасыз… Сонымен, бұл ТІЗІМ кімге керек болды екееееен?!

Ау! Жаңа ғана өмірін бастап жатқан жауқазын қыздардың жеке шекарасын бұзғанша, білім деңгейін ойламайсыздар ма?! Бәрін қатырып тастап, енді қазақ қызының арын таптайтын осы тізім қалып па еді?! Ұят!! Куда мы катимся?!,

деп ашынды әнші.

Әнші бұл істі қылмыс деп атап, университет басшылығы жұмыс орнын босатуын талап етті.

Солтүстік Корея демалсын! Қыздарымыздың көрпесін көтергенше сапалы білім беріңіздер! Неге қазақтардың басым бөлігі балаларын шетелде оқытады?! Бұл қылмыс! Жылы жаппай, мемлекет тарапынан тексеріс қажет! p.s. Кешірім сұрау аз; ректор өз қалауымен отставкаға кетуі керек!

деп жазды әнші.

Сайт Әкімшілігі

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago