Халықтың сеніміне кіріп, артынан алдап кететін блогерлердің шынайы бетін көрсеткен TikTok әлеуметтік желісіндегі DETEKTIB парақшасы. Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы жазды.
Танымал блогерлер ұтысқа тіккен сыйлығын жеңімпаздарына бермей, бартерге алған дүниелеріне уәде еткен жарнамаларын жасамай елді алдап жүр екен.
Парақша авторының дерегінше, әлеуметтік желілерде ойнатылып жүрген қымбат смартфон, құлаққап секілді сыйлықтардың бәрі бірдей иесіне табыстала бермейтін көрінеді. «Сіз ұттыңыз!» деп миллиондаған халықтың көзінше видео-қоңырау арқылы хабарласқанына да сенудің қажеті жоқ сыңайлы.
Мәселен, Бауыржан Зорбай дәл осылай IPhone 11 PRO ұтқан оқырманына дүйім жұрттың көзінше (тікелей эфирде) хабарласқан.
Кейіннен жеңімпаздан мекенжайын да сұрап алыпты. Алайда, сыйлық иесіне жетпеген. Үміттеніп қалған оқырманы қайта-қайта сыйлығын сұрайды. Араға біраз уақыт салып Бауыржан Зорбай ақыры байланысқа шығып, бірақ, кінәні почтаға итере салып құтылады. Осылай деп жазғаннан кейін Бауыржан Зорбайдан ешқандай хабар-ошар болмайды.
Жабулы қазан жабулы күйінде қалып, блогерлердің табыс көзіне айналған ГИВ, лотоларда ойнатылған сыйлықтардың иесіне жетпейтінін ешкім білмей де қалар ма еді. Егер ТикТокер DETEKTIB осындай жағдайлардың бетін ашып, дәлелдерімен көрсетіп қоймағанда.
Өкініштісі мұндай блогер, жұлдыздардың қарасы қалың екен.
Әбілова Аружан 61 000 теңге көлемінде дүкеннен киінген. Алайда, жарнамасын жасап бермейді. Кәсіпкер бірнеше мәрте Аружанға жазғанымен, жауап бермеген. Шыдамы таусылған кәсіпкер арыз беретінін айтқан соң ғана, Аружан байланысқа шығады. Онда да, «60 000 теңгеге байып кетеді деп ойлайсыз ба? Бірінші аузыңызға байқап сөйлеуді үйреніңіз» деп өзіне дүрсе қояды. Ақыры бұл жағдай көпшілікке таралып кеткеннен кейін ғана блогер ақшаны қайтарып беруге мәжбүр болыпты.
Осы сынды оқиғалар әнші Алмас Кішкенбаевпен, блогер Анеля Кенжебековамен, Мерей Әбіловамен, Сағыныш Рысқұлбекова, Сымбат Қасымовалармен бар.
Ал, блогер Бекзат Жанзаққа ешкім тосқау бола алмай келеді. Бекзат Жанзақ бүгін ғана инстаграмдағы тарих бөліміне букмекерлік ойынға арналған Телеграм арнасына сілтемені салды.
14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…
Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…
Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…
Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…