Әдебиет

Ыбырай Алтынсарин мектеп ашу үшін өтірік шоқынғаны рас па?

Үстіне христиан поптарына тән “Ряса” киім үлгісін киген бе? “Бір құдайға шоқынып” деп өлең жазып, кейінгілер оны “Бір Құдайға сыйынып” деп өзгертіп алғандығына қандай ғылыми факт бар?

Ринаттың Алтынсаринге қастандықпен жала жаппағандығы белгілі болды. “Мектеп ашу үшін шоқынған болып көрініп, орыстарды алдады” дейді. Ринаттың ниеті дұрыс. Бірақ бұл тұжырымы дәлелсіз. Тіпті шындыққа қайшы.

Біріншіден, шоқынған болып көзбояу жасаған адам көпекөрнеу “Мұсылмандық тұтқасы” деген кітап жазып, өзі сол кітап бойынша мектепте балаларды оқытпайтыны анық қой.

Екіншіден, Ринат айтқандай Ыбырайдың үстіне кигені “Ряса” емес, кәдімгі жағалы пальто.

Үшіншіден, өлеңнің түпнұсқасында “шоқынып” деген сөз жоқ. Керісінше “бір Құдайға сыйынып” делінген. Сосын “бір Құдайға шоқынып” деген қисынға да келмейді. Себебі христиандарда бір құдай емес, “үш құдай” сенімі бар.

Мұндай жағдайда қателік жіберген кісіге “әп бәлем қолыма түстің бе” дегендей еміреуінмен бас салып “айуан, оңбаған” деп ауыр сөздермен балағаттамай-ақ, жай ғана қате айтқанын мәдениетті түрде жеткізу жеткілікті.

Ринаттың қолдаушылары да артық кетіп жатыр. Ринаттың сөзінің қате, шындыққа қайшы екенін айтқандардың бәріне “салафит, діншіл, діңкес” секілді айдар тағып, Ринатты әйтеуірі ақтауға тырысуда. “Ринат жақсы ниетпен айтты, бірақ тұжырымы шындыққа келмейді” деп әділ бағасын бергендері жөн еді.

Жалпы видеоны қасақана монтаждап, әлеуметтік желіге сүйреп алып келгендердің ниеті дұрыс емес секілді.

Қазір ақпарат тасқыны алапат заманда өмір сүріп жатырмыз. Қоғамға іріткі салғысы келетін, хайп іздеген әлі талай монтаждалған видеолар шыға береді. Мұндайда екіге бөлініп, қызыл кеңірдек болып дауласып, бір-біріне ауыр сөз айту аз қазақтың ынтымағына сызат түсіреді.

Абай болайық. Арандап қалмайық.

Пікір иесі: Қайрат Жолдыбайұлы.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago