Categories: Оқиға

Қылқындырған: Ақтауда 21 жастағы спортшы қыздың өліміне қатысты күдікті ұсталды

Ақтау 2 шілдеде су жиналатын арнадан өлі табылған 21 жастағы спортшы Валерия Шальнованың өліміне қатысты іс тағы басқа бап бойынша сараланды.

Бұған дейін қылмыстық іс 105-бап «Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу» бойынша қозғалып жатқаны хабарланған еді. Кейін полиция 119-бап — «Қауiптi жағдайда қалдыру» бойынша тергеу жүргізуді бастаған болатын. Қазір 99-баптың 1-бөлімі «Адам өлтіру» бойынша тергеу жүріп жатыр.

Күдікті қамауға алынды. Сот санкциясы бойынша, күдікті 10 тәулікке қамауға алынды,

дейді зардап шеккен тараптың адвокаты Ажар Әбділ.

Басылым мәліметінше, марқұм Валерия Шальнованың әпкесі Каролина Шальнова тәуелсіз сараптама әлі жүргізілмегенін айтқан. Марқұмның денесі мәйітханада бесінші күн жатыр.

Денесін мәйітханаға әкелген күні медициналық сарапшы қандай да бір себептермен сараптама жасамаған. Заң бойынша ол мәйітті әкеле салысымен бірінші күні-ақ қарауы керек еді. Оның үстіне ата-анасын бірден оны тануға кіргізуге рұқсат бермеді. Денені суреттерге қарап, атап айтқанда татуировкасы арқылы анықтады. Жергілікті медициналық сарапшы денеде зорлық-зомбылықпен өлу белгілері жоқ екенін алға тартады. Неге екені белгісіз, мұрны жаншылғанына мән бермейді, мойнында қылқындыру іздері бар, көптеген гематомалар бар.

Мен оны ата-анаммен бірге көрдім. Оның үстіне әлі сараптама қорытындысын алған жоқпыз. Сол себепті басқа өңірден тәуелсіз сарапшылар мәйітті бейтарап сараптамадан өткізу үшін Ақтауға келе алмайды. Бізге тәуелсіз сараптама жүргізуге мүмкіндік беруді талап етеміз,

деді Каролина Шальнова.

Еске салайық, 2 шілде күні Ақтауда су каналы маңынан Валерия Шальнова есімді жас спортшының денесі табылған еді. Мапқұмның туыстарының айтуынша, қыздың өліміне бұған дейін бір емес, бірнеше рет қол көтерген оның жігіті кінәлі болуы мүмкін.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago