«Зайытов дәлел көрсетпей, ешбір ресурсқа сілтемей намаз оқитын қазақстандықтардың басым бөлігіне жала жаба салды», деп есептейді журналист Жолдас Өрісбаев. Және аргументін дәлелдейтін фактісін тезірек ашып көрсетпесе, жағдай ұшыға береді, дейді.
Зайытов қоғамдық қызметте отырғанын, не белгілі бір деңгейде қоғамда танымал азамат екенін ескеруі тиіс еді. Үлкен күш үлкен жауапкершілікті талап етеді. Резонанс тудыру арқылы ешқандай мәселе шешілмейтіні белгілі-ақ. Ол соны түсінсе игі еді. Оның айтқаны ешбір социологиялық зерттеуге негізделмегені анық,
деп жазды Жолдас Өрісбаев Facebook парақшасында.
Журналист осыдан кейін америкалық қоғамда билікке Трамп сайланғанда осыған ұқсас жарылыс болғанын еске салды. Дін элементтері бар саяси жарылыс ендігі тіптен ушығып кеткен. Сол себепті, кей саяси шешімдер бойынша екі тарап компромиске келе алмайды. Ал қоғамның тыныш ілгерілеуі үшін компромис өте маңызды.
Ал қазақ қоғамындағы жағдайда Зайытов айтқаны жәй намазын оқып, ешкімге ешнарсе үгіттемей тыныш жүрген қанша қазақстандыққа да тиді. Бұл олардың амалсыз топтасуына, діни-саяси позицияда күшеюіне жетелейді,
деп есептейді ол.
Жолдас Өрісбаевтың айтуынша, қылмысты не қандай да кереғар көзқарасты жаппай бір дінге байланыстыру жөнсіз. Дәл солай байланыстыру есебінен 1933-35 жылдары Германияда еврейлерді маргиналдау, 2017 жылы Рохинияда мұсылмандардың геноциді болды. Қазір Үндістанда Ислам дінін қабылдағандар солай қысымға ұшырап жатыр.
Сондай-ақ Өрісбаев Ринат Заитовтың сұхбат барысында «Мен көрген 10 алаяқтың сегізі намаз оқиды» деген түсіндірмесе де бүкіл ел бойынша картинаны көрсетпейтінін айтты.
Айта кетейік, Ринат Заитов «Adyrna» порталына берген сұхбатында «Қазақстанда жасалып жатқан алаяқтықтардың 80 пайызын жасап отырған қауым — намаз оқитындар», деп мәлімдеген болатын. Қоғамда депутаттың бұл пікірі дау туғызды.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…