Фото: ашық дереккөзден
Ет бағасының күн сайын шарықтағанынан бөлек, малды семірте алмай жүрген халық әуреге салынды. Көпшілік соғымының жайын тек етті асқанда ғана барып байқап, сан соғып қалып жүр. Айла артылмайтын ет сатушылардың арбауына түскендер еттің дәмі қалмай бар майы түгелдей сорпаның бетіне шығып кететінін айтады, деп жазды Айкын порталы.
Жарты миллион теңгеге жуық сомаға соғым алып, бас шайқағандар аз емес. Еттің дәмі жоқ. Кәдімгі тығыздалған резеңке сияқты. Ет қазанға салынған соң қайнаған кезде бірден майы сорпаны бетін алып кетеді. Малдың жылдам қоң жинауы үшін дәріленгенін кейін байқалады. Кейбіреулер мұның денсаулыққа зиян екенін айтып жүр. Тіпті ұрпақтан-ұрпаққа ген арқылы берілетін түрлі ауруларға ұшырау да мүмкін деген әңгіме тарап жатыр.
Мұндай дәріленген ет қазір көбейген. Тіпті базарға да емін-еркін өтіп жатқанына ешкім кепілдік бере алмайды. Өйткені Қытайдың малды семіртетін дәрілері бізде емін-еркін сатыла береді екен.
Бұл дәрілер Қытай асып келетінін интернет арқылы білуге болады. TikTok, Instagram сияқты әлеуметтік желілердегі жарнамаларынан көз сүрінеді. Алайда мұндай дәрілер өңірлің ветеринарлық дәріханалада сатылымда жоқ екен.
Малды жылдам әрі оңай семіртетін дәрілер малдың гормондарының жұмысын бұзады екен. Осыдан мал тез семіреді. Дәрімен семірген малдың етін жеу адамның денсаулығына кері әсер етеді. Тіпті оның ген арқылы ұрпағына зиянын тигізеді.
Ақмола облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының басшылығы мұндай дәрілердің барын естіген, алайда таралып жатқанын білмейді екен.
Ал облыстық ветеринариялық зертхана мамандары да өздеріне осы уақытқа дейін біз көтеріп отырған мәселе бойынша ешкімнің шағым айтып келмегенін алға тартты. Әрі нақты ақпарат беруден ат-тондарын ала қашты.
Қазір соғымның бағасы да күн сайын шарықтап барады. Статистикалық деректерден республикадағы ең қымбат соғымның Ақмола облысында екені белгілі болды. Мал ұстайтын фермерлердің айтуынша, соғымның бағасына бірнеше басты факторлар ықпал етеді. Хабарландыруларда байтал мен тайлардың құны 550 мың теңгеден, ірі биелер 700-850 мың теңгеден асып тұр. Екі-үш ай семіртілген болма бағасы 1 миллион теңгеге де жетіп жығылады. Ал ол алғаның жоғарыдағы гормонды және стеройдты дәрімен семіртілген болса, осыншама ақшаңыздың желге ұшқаны дей беріңіз.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…