Қымбат соғымның да сорпасы татымайды

Ет бағасының күн сайын шарықтағанынан бөлек, малды семірте алмай жүрген халық әуреге салынды. Көпшілік соғымының жайын тек етті асқанда ғана барып байқап, сан соғып қалып жүр. Айла артылмайтын ет сатушылардың арбауына түскендер еттің дәмі қалмай бар майы түгелдей сорпаның бетіне шығып кететінін айтады, деп жазды Айкын порталы.

Жарты миллион теңгеге жуық сомаға соғым алып, бас шайқағандар аз емес.  Еттің дәмі жоқ. Кәдімгі тығыздалған резеңке сияқты.  Ет қазанға салынған соң қайнаған кезде бірден майы сорпаны бетін алып кетеді. Малдың жылдам қоң жинауы үшін дәріленгенін кейін байқалады. Кейбіреулер мұның денсаулыққа зиян екенін айтып жүр. Тіпті ұрпақтан-ұрпаққа ген арқылы берілетін түрлі ауруларға ұшырау да мүмкін деген әңгіме тарап жатыр.

Мұндай дәріленген ет қазір көбейген. Тіпті базарға да емін-еркін өтіп жатқанына ешкім кепілдік бере алмайды. Өйткені Қытайдың малды семіртетін дәрілері бізде емін-еркін сатыла береді екен.

Бұл дәрілер Қытай асып келетінін интернет арқылы білуге болады. TikTok, Instagram сияқты әлеуметтік желілердегі жарнамаларынан көз сүрінеді. Алайда мұндай дәрілер өңірлің ветеринарлық дәріханалада сатылымда жоқ екен.

Малды жылдам әрі оңай семіртетін дәрілер малдың гормондарының жұмысын бұзады екен. Осыдан мал тез семіреді. Дәрімен семірген малдың етін жеу адамның денсаулығына кері әсер етеді. Тіпті оның ген арқылы ұрпағына зиянын тигізеді.

Ақмола облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының басшылығы мұндай дәрілердің барын естіген, алайда таралып жатқанын білмейді екен.

Ал облыстық ветеринариялық зертхана мамандары да өздеріне осы уақытқа дейін біз көтеріп отырған мәселе бойынша ешкімнің шағым айтып келмегенін алға тартты. Әрі нақты ақпарат беруден ат-тондарын ала қашты.

Қазір соғымның бағасы да күн сайын шарықтап барады. Статистикалық деректерден республикадағы ең қымбат соғымның Ақмола облысында екені белгілі болды. Мал ұстайтын фермерлердің айтуынша, соғымның бағасына бірнеше басты факторлар ықпал етеді. Хабарландыруларда байтал мен тайлардың құны 550 мың теңгеден, ірі биелер 700-850 мың теңгеден асып тұр. Екі-үш ай семіртілген болма бағасы 1 миллион теңгеге де жетіп жығылады. Ал ол алғаның жоғарыдағы гормонды және стеройдты дәрімен семіртілген болса, осыншама ақшаңыздың желге ұшқаны дей беріңіз.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

1 день ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

1 день ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

1 день ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

1 день ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

1 день ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago