Қымбатшылық қысып барады. Себебі не?

Азық-түліктен бөлек, тұрмыстық химия және қазақстандықтардың күнделікті өмірде қолданатын басқа да тауарлардың тапшылығы байқалды, деп жазады Forbes.kz

Қымбатшылықтың бастапқы себебі – СOVID-19 пандемиясы кезіндегі логистикалық құлдырау.

Украинадағы соғыс та COVID-19 пандемиясынан әлсіреген әлемдік экономикаға айтарлықтай өзгерістер енгізді және геосаяси қиындыққа дайындалуға уақыт бермеді.

Қазақстандағы ресми бөлшек тауар айналымы – 9 трлн теңге шамасында болса, бөлшек саудадағы көлеңкелі тауар айналымы 13 трлн теңгеге жуық.

Ал Үкімет инфляцияны бақылауға және дағдарыстық жағдайларға дер кезінде әрекет ету үшін тиімді шаралар қолдануға қауқарсыз болып отыр. Қазіргі жаһандық тұрақсыздық жағдайында Қазақстан жүйелі шешімдер қабылдамаса, жағдайдың жақсармасы анық. Ресейге қарсы санкциялар бағаны шарықтатып, қазақстандықтардың сатып алу қабілетін нашарлатады. Сарапшылар айналым қаражатының схемасы мен квота беру тиімді болады, ал бағаны тежеу жеткіліксіз және ол бағаның өсуін тоқтатпайды деген пікірде.

Соғыстан кейін бірнеше айда елде қымбатшылық қатты байқалды. Алдымен қант тапшылығы болып, одан кейін азық-түлік бағасы шарықтады.

Пандемия кезінде тауарларды Қытайдан импорттау қиындық тудырған, себебі Қытайдың оңтүстігінен Қазақстан мен Ресей, одан әрі Еуропа бағытындағы магистральдық жол тұрақсыз жұмыс істеді. Бұрын тауар Қытайдың оңтүстігінен Қазақстанға екі аптада жеткізілсе, пандемияға байланысты бұл процесс жарты жылға жуық уақыт алды. Әдетте екі аптаға жалға алып, тауарды қойып жүрген вагонды жарты жылға жалдау қажет болды. Әрине, бұл шығындар тауарларды жеткізу құнын 2–3 есе арттырып, көптеген тұтыну тауарының бағасына әсер етті. Сонымен қатар, пандемия кезінде әлемнің көптеген елі жұмыссыз қалған халықты қолдау үшін қыруар қаражат бөлді. Қазақстанда да 4,5 миллионға жуық адамға ең төменгі жалақы деңгейінде көмек көрсетілді. Бұл тауар массасы мен ақша массасы арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуына әкелетін фактор. Пандемиядан кейін инфляциялық процестердің өсетінін, көптеген тауар, ең алдымен, халық тұтынатын өнімдер бағасының қымбаттайтыны айтпаса да болатын жағдай еді. Энергия ресурстарына бағаның 35% өсуі және жеткізілетін энергия көлемінің қысқаруы Еуропа елдеріндегі инфляцияның өсуіне айтарлықтай әсер етті. Ұлыбритания да инфляцияның жылдық деңгейі соңғы қырық жылдағы максимумды жаңартты.

Біздің Үкімет бұл жағдайда не істей алды?

Үкімет бағаның мұндай тез өсуіне жол бермей, бағаны ұстап тұру үшін әкімшілік әдістерді қолданды. Соңғы екі жылда мұнай өнімдерінің бағасы өзгермеді. Ал осы уақытта әлемде мұнай бағасы екі есе қымбаттады. Үкімет қымбатшылықты болдырмаймыз дегенмен баға әлі де өсуде. Себебі, бұл Үкіметке, тіпті ішкі жағдайға да байланысты емес. Үкімет нанның бағасын, және ел жеткілікті мөлшерде өндіре алатын тұтыну тауарларының бағасын тұрақты сақтай алады. Бірақ көптеген тауардың құнын бақылап немесе төмен деңгейде ұстау мүмкін емес.

Ресейге қарсы санкциялар көлік шығындарының өсуіне және әуе, теміржол арқылы, әсіресе Ресей транзиттік дәлізімен жүзеге асатын қазақстандық экспорт пен импорт көлемінің қысқаруына әкеледі.

Отандық жүк тасымалдаушылар Қазақстаннан Еуропа елдеріне тауарды жеткізу бойынша белгілі бір қиындықтарға кезігіп жатыр. Бұл біздің экспортымызға және еуропалық елдерден темір жол бойынша жүкті алуға да ықпалын тигізеді. Осыған орай, жүктерді жеткізудің балама бағыттарын іздеу керек, ал мұның бәрі тауарлардың түпкілікті бағасына әсер етеді.

Балама маршруттарды іздеу және дамыту – бұл уақыт және ақша тұрғысынан қымбат жоба.

Қазақстандықтар коммуналдық қызметтерді, азық-түлікті, бензинді және т.б. нарықтық баға бойынша төлей алуы үшін бағаны тежеуден гөрі өндірісті дамытып, халықтың әл-ауқатын арттыруға баса назар аударуы қажет.

Азық-түлік тауары бағасының қолжетімді болуы оны дайындауға кеткен шикізаттың құнына, тасымалдау шығындарына, кедендік баждарға, басқа да сыртқы және ішкі факторларға тәуелді.

Мемлекет басшысы Үкіметтің бағаны тұрақтандыру жөніндегі жұмысына тиісті баға берді. Өз кезегінде, Ұлттық палата Үкіметпен бірлесіп, кәсіпкерлік субъектілерінің пікірін ескере отырып, азық-түлік өнімдерінің бағасын ұстап тұру бағытында белсенді жұмысын жалғастыруға дайын.

Санкциялар кәсіпкерлерге қиындықтарға қарамастан еңбек етуге, өсуге, бизнесті дөңгелетуге жаңа мүмкіндіктер берді. Бірақ бұл жерде көпшілігі, әрі мемлекеттік органдар да доллар бағамының өсуі сияқты факторларды ескермейді. Ал оның артуы есебінен өнімнің бағасы да ұлғаяды. Бұдан басқа, тауар сатылымға шыққанға дейін көрсетілетін қызметтердің алуан түрі бар. Электр энергиясы, салықтың өсуі, жанар-жағармай бағасының артуы сияқты факторларды ескере отырып, қызметкерлердің жалақысын арттыру қажет. Мұның барлығы дерлік өнім құнының өсуіне әсер етеді. Осы жағынан кәсіпкерлер шикізатты да қымбатқа алып, тауарды да жоғары бағамен сатуына тура келеді.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын реттеу қолданыстағы заңнамамен регламенттеледі. Қабылданатын шаралардың тиімділігін арттыру Сауда министрлігінің, жергілікті басқару органдардың құзыретінде. Оның ішінде рұқсат етілген бөлшек сауда үстемесінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру және тамақ өнімдеріне бағаны ұстап тұру бойынша жаңа тәсілдерді нарықтық тетіктерге сәйкес әзірлеу аты аталған органдардың міндеті. Өз кезегінде, Ұлттық палата әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын реттеуді нарық талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты қайта қарау қажеттілігі туралы мәселені бірнеше рет көтерді.

Нәтижесінде Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілейтін жоба әзірледі.

Ереже жобасында кәсіпкерлердің пікірі ескеріліп, тиісті ескертулер мен ұсыныстар берілді. Экономикадағы жаһандық сын-қатерлерді ескере отырып, қолдау тапты. Демек, әлемдегі экономикалық жағдай тұрақталғаннан кейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын реттеу сұрағы тағы да пысықталады.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

4 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

4 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

5 дней ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

5 дней ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

5 дней ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

1 неделя ago