Саясат

Қырғыз бен тәжік соғысты доғаратын «тарихи келісімге» келді

Қырғызстан мен Тәжікстан делегацияларының кездесуінде Қырғызстан мен Тәжікстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеттерінің басшылары Қамшыбек Ташиев пен Саймумин Есімов қырғыз-тәжік шекарасын делимитациялау және демаркациялау туралы хаттамаға қол қойды. Оның мазмұны жасырын, бірақ екі елдің барлау қызметінің басшылары бұл құжат барлық шекара дауларын шешетінін айтты, деп жазады ASIA-Plus.

Хаттамаға Қырғызстан мен Тәжікстанның үкіметтік делегацияларының 2 қазандағы Баткен отырысының қорытындысы бойынша қол қойылды. Қырғызстан Министрлер Кабинеті мен Тәжікстан СІМ жариялаған ұқсас пресс-релиздерде де құжаттың егжей-тегжейлері көрсетілмеген. Хабарламаларда кездесуде «қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасын делимитациялау мәселесі бойынша жан-жақты пікір алмасу» өткізілгені және «шекара маңындағы аудандар арасындағы достықты, өзара түсіністік пен сенімді нығайту қажеттігі» атап өтілгені ғана айтылған.

Отырыстан кейінгі брифингте Тәжікстан ҰҚМК басшысы «қақтығыстар әрқашан тарихтан аласа, қақтығыстар әрқашан кез келген сыннан аласа» деп мәлімдеді, деп хабарлайды ASIS-Plus.

«Сондықтан бүгін Баткенде №44 хаттамаға қол қойдық. Бұл хаттама, негізінен, іске асқан жағдайда, осыған дейін тәжік-қырғыз шекарасындағы қақтығыстардың негізі және алғышарты болған барлық мәселелерді шешеді», — деді Есімов.

Қырғызстан ҰҚМК басшысы хаттама екі ел арасындағы «барлық шекара маңындағы мәселелерді шешуге» негіз беретінін атап өтті.

Құдай қаласа, жақын арада біз мемлекеттік шекараны анықтауды аяқтау туралы түпкілікті шешім қабылдаймыз. Сонымен қатар, біз делимитация және демаркация жөніндегі комиссиямыз үздіксіз жұмыс істейтінін жеткізгіміз келеді және жақын арада барлық шешімдер түпкілікті қабылданатынын айтқым келеді. Бүгін қол қойғанымыз бізге шекарамыз тыныш, тұрақты болатынына, халқымыз достық пен келісімде мәңгі өмір сүретініне негіз береді,

деді Ташиев.

Kloop.kg ақпараты бойынша, қырғыз-тәжік шекарасының ұзындығы 972 шақырымды құрайды, оның ішінде бүгінгі таңда тек 600 шақырымнан астамы делимитацияланған және демаркацияланған. Белгіленбеген шекараларға байланысты шекара маңындағы аумақтарда ара-тұра қақтығыстар туындайды. Жанжалдың соңғы шиеленісі өткен қыркүйекте болды, нәтижесінде екі жақта да ондаған адам қаза тауып, зардап шекті.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago