Categories: Маңызды

Қырғызстан Қазақстанға су беруді тоқтатты

Қырғызстанның ауыл шаруашылығы министрлігі 13 тамызда Азаттыққа хабарлағандай, мұндай келісімге тараптар шілде айында Бішкекте өткен кездесуде келген.

Ақпаратқа сәйкес, 17-19 шілде күндері Бішкекте Қырғызстан мен Қазақстанның су мәселесі бойынша өкілдерінің кездесуі өткен.

Онда қазақ тарап Талас дариясының бассейнінде су жетіспеушілігін, Жамбыл облысында егінді алқапты суғару ауыр болып жатқанын айтып, Киров су қоймасынан суды көбірек беруді сұраған.

Қазақстан 18-31 шілде аралығында Киров су қоймасынан бұрын келіскендей секундына 40 текше метр емес, 45 текше метр су беруді сұрады. Қырғызстан бізде де егінді алқап қурап жатқанын айтып, судың ағысын көбейте алмйтынын білдірді. Сонымен бірге қазақ тарапқа егер суды секундына 45 текше метр бергенде 3,54 млн текше метр лимит 4 тамызда аяқталатынын ескерттік. Соған қарамастан, қазақ тарабы өтінішінен бас тартқан жоқ. Нәтижесінде екі тарап Қазақстанға тамыздың ортасынан бастап Қазақстанға су берілмейтінін анықтайтын қаулыға қол қойды, — деп жазылған мәліметте.

Ауыл шаруашылығы министрлігі су мәселесі Таласта бүгінгі күні де су жетіспейтінін, Киров су қоймасына секундына 1,3 текше метрден ғана су келіп жатқанын мәлімдеді. Былтыр осы уақытта су қоймасына келген су секундына 13,7 текше метрге жеткен.

Қазақстанның экология және табиғи ресурстар министрлігі Қырғызстан Қазақстанға 4 тамыздан бастап Киров су қоймасынан су беруді тоқтатқанын мәлімдеген.

Мекеме сайтында Қазақстанға аталған су қоймасынан секундына 45 текше метр су берілуі керек болса, қазір бірде бір текше метр су өтпей жатқаны жазылған.

Оған сәйкес, Қазақстанның оңтүстік аймақтарындағы бидай, қант қызылшасы және пияз егілген 4 мың гектар алқап қурап қалу алдында тұрғаны айтылған.

Киров су қоймасында судың көлемі 9 тамызда 32,48 млн текше метрді құраған. Былтыр осы уақытта су қоймада 177,28 млн текше метр су болған.

Арман Ерғалиев

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago