23 қарашада Бішкек соты журналист Болот Теміровті елден шығару туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Kaktus.media хабарлады.
Прокурор сот алқасынан Теміровті өзіне тағылған Қылмыстық кодекстің баптары бойынша кінәлі деп тануды, елден шығаруды сұрады. Оған қоса ол айыпталушының Қырғызстан азаматтығы жоқ екенін алға тартты. Ал Теміровтың адвокаттары Бішкек қаласының Свердлов аудандық сотының үкімін өзгертіп, қылмыс құрамының жоқ болуына байланысты журналисті толық ақтау керек екенін айтты.
Алайда кеңесу бөлмесінен оралған сот алқасы журналист Болот Теміровтің елден шығарылатынын хабарлады. Сот шешімі жарияланғаннан кейін күзет Болот Теміровті бірден сот залынан алып кетті.
Қырғызстандағы Азаттықтың хабарлауынша, 23 қараша кешке қарай зерттеуші журналист Болат Теміровті Қырғызстан күш органдарының бірнеше өкілі Бішкектегі «Манас» әуежайына жолаушылар ұшып кететін залға алып барды. Алайда журналистің қайда кететіні белгісіз.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…