Categories: Оқиға

Қырғызстан оң рөлді көліктерге тыйым салмақ

Қырғызстанның ішкі істер министрлігі оң рөлді көліктерді такси қызметіне пайдалануға тыйым салу жөніндегі қаулы жобасын қоғам талқысына шығарды. Жоба үкімет сайтында жарияланды. 

Оған сәйкес, оң рөлді көліктер коммерциялық мақсатта жолаушы және жүк тасымалдай алмайды. Бұл жол апатын алдын алу дейді жобаны ұсынушылар.

Қырғызстанда 2015 жылдан бастап оң рөлді көліктерді тіркеуге тыйым салынған. 2018 жылы үкіметтің оң рөлді көліктерді «коммерциялық мақсатта» қолдануға тыйым салу әрекеті қоғам наразылығынан кейін жүзеге асқан емес.

Былтыр ІІМ такси қызметіне лицензия беру арқылы оң рөлді көліктерге тыйым салмақ болған. Бірақ бұл жоба кейінге қалдырылған.

ІІМ мәліметіне сәйкес, Қырғызстанда 17 мыңдай көлік жолаушы тасымалдайды. Оның тек жартысы оң рөлді көліктер. Министрлік

жол апатының 60% оң рөлді көліктердің қатысуымен болатынын айтып келеді.

Айдын Қайнарұлы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

4 дня ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

3 недели ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 месяц ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

5 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

9 месяцев ago